Педагог-психолог Қарамырзаева Жаннат Бостанқызы » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагог-психолог Қарамырзаева Жаннат Бостанқызы
25
сәуір
2022

Педагог-психолог Қарамырзаева Жаннат Бостанқызы

Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінде педагог-психолог Қарамырзаева Жаннат Бостанқызы 25 жылдан аса уақыт қызмет атқарып келеді. Педагог-психолог қызметінің күрделі және жауапты екенін сезіне отырып, өзінің қызметін сүйе білген психолог-маман әрқашан ізденіс үстінде жүреді. Психология ғылымы «адам жаны жайындағы ғылым» болғандықтан үнемі дамып отыратын ғылым, ал сол ғылым  жаңалықтарынан сусындап отыратын психолог өз жұмысында әрқашан жаңашылдықпен еңбектенеді. Жаннат Бостанқызы мектепте қызмет ете отырып, оқу-тәрбие үрдісіне қатысушылар, яғни «оқушы – мұғалім - ата-аналармен» түрлі тақырыптарда жұмыстар жүргізіп, өзі атқарған еңбегінен қуаныш ала білген маман деуге болады.  
Педагог мамандығын таңдауына себеп болған нағашы атасы, Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген мұғалімі Қасымбеков Жақыпбай, ол кісіні біріміз білсек, біріміз білмеуіміз мүмкін, бүгінде ол кісінің атымен Тараз қаласында көшенің атауы бар. Осындай тұлғаның тәрбиесін алған Жаннат Бостанқызы бүгінде қала мектептерінің педагог-психологтары арасында беделді мамандардың бірі десек артық айтпаймыз.  
Үнемі іздене отырып, психолог-маман ретінде кәсіби байқаулардан қалыс қалмай, жас мамандарға үлгі болып, алда жүретін Жанат Бостанқызы жабдықтаған психология кабинеті 2012ж. «Қалалық үздік кабинет» атағын, ал өзі маман ретінде 2014ж. «Үздік психолог» атағын жеңіп алған болатын.  Жанат Бостанқызы қала және облыс әкімдігінің және кәсіподақ ұйымдарының білім саласын дамытуда қосқан үлесі мен қоғамдағы азаматтық белсенділігі үшін Құрмет грамоталарының иегері. Бірнеше рет облыстық, республикалық ғылыми-практикалық конференциялардың қатысушысы ретінде мақалалары жинақ кітапшаларда жарияланып, бірнеше мақала мен баяндамалары газет –журнал беттерінде жарық көрді. Атап айтатын болсақ, «Мектеп бітірушілерді Ұлттық бірыңғай тестілеуге психологиялық тұрғыдан дайындау» «Тәуелсіздікті ата-бабам аңсаған», «Түзету-дамыту бағытындағы мектеп психологінің шығармашылық жұмысы», «ҰБТ-ға дайындық кезінде баланың өміріндегі ата-ананың рөлі» және т.б. 
Сонымен бірге,  2016 жылы «Өрлеу» порталы арқылы «Ұлағатты ұстаз» медалімен, 2018 жылы «Білім санаты» Республикалық журналының «Қазақ елінің үздік педагог-психологы» жобасында «Қазақ елінің үздік педагог-психологі» төсбелгісімен, 2019 жылы «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасының Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің ғылыми-практикалық конференциясында «Бейбітшілік  әлемі» төсбелгісімен марапатталды.
      Бірнеше жылғы қажырлы еңбегінің жемісі ретінде 2022ж. «Мүмкіндігі шектеулі балалармен психокоррекциялық сабақтар» атты кітабы жарыққа шықты. Осы авторлық жұмысы облыста І орынға, ал республикада ІІІ орынды иеленген болатын. 
Сонымен қатар, 2022ж.  «Педагогикалық идеялар» атты фестиваліне жіберген жұмысы қаладан және облыстан І орынға ие болып, республикалық байқауға жолдама алып отыр. 
Бүгінде 55 жасқа толып отырған мектебіміздің педагог-психологі Қарамырзаева Жаннат Бостанқызына қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіріп, ұлағатты ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесіңіз ортаймасын дегіміз келеді. 
Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектеп ұжымы