«Күз кереметі» атты көрме » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Күз кереметі» атты көрме
16
қазан
2026

«Күз кереметі» атты көрме

2026 жылғы 14 қазан күні Тұрар Рысқұлов атындағы №48 орта мектепте бастауыш сынып оқушылары арасында «Күз кереметі» атты көрме ұйымдастырылды.

🌾 Көрменің мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, табиғаттың күзгі байлығын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа және қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.

🍁 Көрмеге оқушылар күзгі табиғи материалдардан жасалған ерекше қолөнер бұйымдарын, түрлі композициялар мен сәндік жұмыстарын ұсынды. Әрбір жұмыс оқушылардың қиялы мен шеберлігін, ізденісі мен шығармашылық қабілетін көрсетті.

🍓🍒🍑🍐🍐🍏 Күз – молшылық пен берекенің, әсемдік пен шабыттың мезгілі! Осындай іс-шаралар оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, олардың бойындағы таланттарын ашуға мүмкіндік береді.

🏆 Көрмеге белсене қатысқан барлық оқушыларға және қолдау көрсеткен ата-аналарға алғыс білдіреміз! Шығармашылықтарыңыз шыңдала берсін!

https://www.instagram.com/reel/DeqkHBkogW-/?utm_source=ig_web_copy_link&xtok=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==