«Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясы
Тақырыбы: «Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясы бойынша есеп
Өткізілген күні: 1.08.2026-30.09.2026
Жұмыс түрі: әлеуметтік осал топтардағы оқушыларды мектеп формасымен, кеңсе тауарларымен қамтамасыз ету.
Қатысушылар: 1-7 сыныптар
Акцияның мақсаты: оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық уақытты кезінде ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке балалардың келмеуін алдын алу.
Акцияны өткізу туралы бұйрық шығарылып, комиссия мүшелелері құрылды. Жоспарға сай қайырымдылық акцияның өтілуі жайлы хабарландырулар ілінді.
Акция барысында мектеп оқушыларының оқу жылын қажетті құрал-жабдықтармен және мектеп формасымен бастауына жағдай жасау мақсатында бірқатар білім алушыға қайырымдылық көмек көрсетілді.
Демеушілік көмекті мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер ұйымдастырды. 9 білім алушының нақты қажеттіліктері ескеріліп 204500 тг. қаржылай көмек көрсетілді.
Қорытынды: Акция бойынша ҚББ мәліметтер жіберілді.