«Атадан қалған асыл сөз» ата-әжелермен кездесу 2 сыныптар » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Атадан қалған асыл сөз» ата-әжелермен кездесу 2 сыныптар
19
қазан
2026

«Атадан қалған асыл сөз» ата-әжелермен кездесу 2 сыныптар

Тақырыбы: «Атадан қалған асыл сөз» – ата-әжелермен кездесу 

Құндылық: Тәуелсіздік және отаншылдық

Сыныптар: 2 «Б», 2 «Д» 

Барлығы: 51 оқушы

Ұйымдастырған сынып жетекшілер: 

Мамбетова С.А., Дүйсенова Ұ.Б.

Өскелең ұрпаққа ұлттық тәрбие беру, халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын дәріптеу, үлкенді құрметтеуге, кішіге ізет көрсетуге баулу, ата-бабадан мирас болып қалған өнегелі сөздер мен өмірлік құндылықтарды насихаттау мақсатында мектепте «Атадан қалған асыл сөз» тақырыбында аталармен кездесу ұйымдастырылды.

   Кездесуге  өнегелі отбасының ақсақалдары шақырылып, оқушылармен тағылымды әңгіме өрбітті. Аталар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңестерін айтты. Қазақ халқының ұлттық құндылықтары, отбасындағы тәрбие, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, адалдық, еңбекқорлық пен адамгершілік қасиеттер туралы ой қозғады.

   Кездесу барысында аталарымыз халқымыздың мақал-мәтелдері мен нақыл сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіндіріп, «Батаменен ел көгерер», «Үлкенге құрмет – кішіге міндет» деген ұлағатты сөздердің маңыздылығына тоқталды. Оқушылар да өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, аталармен еркін пікір алмасып, батасын алды.

   Іс-шара барысында оқушылар үлкен буын өкілдерінің өмірлік өнегесінен үлгі алып, ұлттық тәрбие мен адамгершілік құндылықтардың маңызын түсінді.

Қорытынды: «Атадан қалған асыл сөз» атты кездесу жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге және ата-баба өсиетін қадірлеуге бағытталған тағылымды іс-шара болды