23
қазан
2026
«Республикам – мақтанышым!» тақырыбында мерекелік іс-шара
«РЕСПУБЛИКАМ – МАҚТАНЫШЫМ!»
✨ 25 қазан – Республика күніне орай Т. Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінде «Республикам – мақтанышым!» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.
🇰🇿 Елдігімізді ұлықтап, тәуелсіздігімізді дәріптеген салтанатты шараның мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, туған жерін сүюге және ел болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
🌟 Іс-шара барысында мектеп парламентінің ұйымдастыруымен оқушыларды «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өткізілді. Ұйым қатарына қабылданған оқушылар Отанға адал қызмет етуге, білімді, тәртіпті, белсенді болуға және еліміздің лайықты азаматы атануға ұмтылатынын көрсетті.
💙❤️💛 Республика күні – азаттығымыздың айғағы, бірлігіміздің белгісі, жарқын болашаққа деген сеніміміздің нышаны!
Республикам – мақтанышым, Қазақстаным – мақтаным! 🇰🇿
[media=https://www.instagram.com/reel/De3WtAnI7V7/?utm_source=ig_web_copy_link&dlrf=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==]