🌷29 ҚАЗАН – ҚАМҚОРШЫЛАР КҮНІ
Құндылық: Әділдік және жауапкершілік
Қамқорлық – жүректен, мейірім – ниеттен!
29 қазан – Қамқоршылар күні мерекесіне орай қамқоршылық тәрбиенің қоғамдағы маңызын арттыру, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда аянбай еңбек етіп жүрген қамқоршылардың еңбегін дәріптеу және оларға алғыс білдіру мақсатында мектебімізде арнайы кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға 2 «Г» сынып оқушысы Амангелді Айғаным мен 4 «Г» сынып оқушысы Амангелдиев Ерсултанның қамқоршысы Абилдаева Айшакүл, сондай-ақ патронаттық тәрбиедегі 4 «В» сынып оқушысы Букаев Дидар мен 1 «Д» сынып оқушысы Букаева Айжанның қамқоршысы Макулбекова Айгүл шақырылды.
Мектеп директоры Б.А. Есимова қамқоршы аналарды мерекемен құттықтап, олардың бала тәрбиесіндегі ерен еңбегі мен адамгершілік қасиеттеріне ерекше тоқталды. Балалардың бойына мейірім мен ізгілік дарытып, олардың бақытты балалық шағы мен жарқын болашағы үшін жасап жүрген қамқорлықтары үшін шынайы алғысын білдірді.
Кездесу барысында қамқоршы аналарға гүл шоқтары табысталып, қаржылай сый-сияпат көрсетілді. Сонымен қатар мектеп директоры қамқоршы аналармен еркін сұхбаттасып, балалардың тәрбиесі, құқықтары мен мүдделерін қорғау, отбасындағы қолдау мен қамқорлықтың маңызы жөнінде пікір алмасты.
❤️ Қамқор болу – үлкен жүректің ісі!
Бұл кездесу қамқоршыларға деген құрмет пен ризашылықтың белгісі ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы мейірімділік, жанашырлық пен ізгілік құндылықтарын насихаттауға бағытталған тағылымды шара болды.
Барша қамқоршы аналарға бала жүрегіне жылу сыйлап, мейірім мен махаббатқа бөлеп жүрген еңбектері үшін алғыс білдіреміз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!
Мейірімге толы жүректеріңіз әрдайым қуанышқа бөленсінІ