10
ақпан
2023
Қалалық олимпиада жеңімпаздарын құттықтау!
Қалалық олимпиада жеңімпаздарын құттықтау!
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сыныптар арасындағы республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде мектебіміздің 11 білім алушысы жүлделі орындарды иеленді:
«Орыс тілі және әдебиеті» пәнінен 9 «В» сынып оқушысы Шамшилда Аяулым 3-орын , пән мұғалімі Кенесбаева Б.А.
«Ағылшын тілі» пәнінен 10 «А» сынып оқушысы Жұмәділ Жанель 2-орын , пән мұғалімі Нұрбай Н.Е.
«Математика» пәнінен 10 «Г» сынып оқушысы Абдрахман Диана 3-орын, пән мұғалімі Әбішбаева Қ.С., «Математика» пәнінен 11«А» сынып оқушысы Есілханқызы Несібеліжанерке 3-орын , пән мұғалімі Үмбеталиева Ә.К.
«Физика» пәнінен 9 «Г» сынып оқушысы Манас Гүлнұр 3-орын, пән мұғалімі Елен Ж.Ә.
«Химия» пәнінен 9«Г» сынып оқушысы Мұхтар Әмина 2-орын, пән мұғалімі Рисбаева Г.Б.
«Биология» пәнінен 9«А» сынып оқушысы Қанат Ақжан 3-орын, пән мұғалімі Самиркулова А.С., «Биология» пәнінен 11«В» сынып оқушысы Ынтықбай Аянат 3-орын, пән мұғалімі Турегелдиева З.А.
«География» пәнінен 9«Е» сынып оқушысы Тоқтар Нұрислам 1-орын, пән мұғалімі Ускинбаева Г.Е.
«Тарих» пәнінен 9«А» сынып оқушысы Аманқұлқызы Әсел 2-орын, пән мұғалімі Саменбаева Л.Т., «Тарих» пәнінен 11«А» сынып оқушысы Қырықбай Назерке 3-орын, пән мұғалімі Ынтықбаева С.Е.
Мектеп директоры Б.Ж.Сапаралиева жүлделі орын алған оқушыларды құттықтап, дайындаған пән мұғалімдеріне алғыс айтты, облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларға сәттілік тіледі.
