«Әр баланың құқығы – мемлекет құндылығы» семинар-тренингі; 6-7 сыныптар » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әр баланың құқығы – мемлекет құндылығы» семинар-тренингі; 6-7 сыныптар
08
қазан
2026

«Әр баланың құқығы – мемлекет құндылығы» семинар-тренингі; 6-7 сыныптар

Т.Рысқұлов   атындағы орта №48 орта мектебінде білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, бала құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектепте «Әр баланың құқығы – мемлекет құндылығы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Мақсаты: білім алушыларға бала құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, зорлық-зомбылықтың, буллингтің және құқық бұзушылықтың алдын алу, өз құқықтарын қорғау жолдарын үйрету.

     Семинар-тренинг барысында БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясының негізгі қағидалары және Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы» Заңы аясындағы балалардың құқықтары мен міндеттері қарастырылды. Сонымен қатар, балалардың негізгі құқықтары, соның ішінде білім алу, денсаулығын қорғау, қауіпсіз ортада өмір сүру, демалу және өз пікірін білдіру құқықтары туралы ақпарат берілді

  Іс-шара барысында қатысушылармен сұрақ-жауап, пікір алмасу және жағдаяттық тапсырмалар жүргізілді. Балаларға өз құқықтарымен қатар міндеттерін білу, өзгелердің құқықтарын құрметтеу, қиын жағдай туындаған кезде тиісті мамандардан көмек сұрау қажеттілігі түсіндірілді.

      Сонымен қатар, буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу, өзара сыйластықты қалыптастыру және мектепте қауіпсіз психологиялық орта құру мәселелеріне назар аударылды.

Семинар-тренинг өз мақсатына сай өткізілді. Қатысушылардың бала құқықтары туралы түсініктерін кеңейтуге, құқықтық сауаттылығын арттыруға және өз құқықтары мен міндеттеріне жауапкершілікпен қарауға ықпал етті.