Мәлімет Бала қорғау бұрышын» ұйымдастыру және бала құқықтарын қорғау бойынша ақпараттық стендтерді орналастыру
«Бала қорғау бұрышын» ұйымдастыру және бала құқықтарын қорғау бойынша ақпараттық стендтерді орналастыру туралы
Құндылық: Заң және тәртіп
Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектепте білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтары мен міндеттері туралы түсінігін қалыптастыру және қауіпсіз орта құру мақсатында «Заң мен тәртіп – ел дамуының негізі» тақырыбындағы ақпараттық стенд орналастырылды.
Мақсаты: білім алушылардың бойында құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң талаптарын сақтауға тәрбиелеу және өз құқықтарын қорғау жолдарын түсіндіру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, адалдыққа, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және заңды құрметтеуге тәрбиелеу.
Стендте мектеп формасына қойылатын талаптар, ішкі тәртіп ережелері, заң талаптары және оқушылардың тәртіп сақтауына қатысты ақпараттар қамтылған. Сонымен бірге заң мен тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, буллингтен қорғау, мектеп ортасындағы қауіпсіздік және білім алушылардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпараттар қамтылған.
Бала құқықтарын қорғау жұмыстары Қазақстан Республикасының «Баланың құқықтары туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
«Адал азамат» ақпараттық стендін орналастыру туралы
Білім алушыларды адалдыққа, жауапкершілікке, отансүйгіштікке және заңды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша ақпараттық стенд орналастырылды.
Стендте тәуелсіздік және отаншылдық, бірлік және ынтымақ, әділдік және жауапкершілік, заң және тәртіп, еңбекқорлық және кәсіби біліктілік, жасампаздық және жаңашылдық құндылықтары қамтылған.
Нәтиже: «Бала құқығы бұрышын» құру арқылы мектеп қабырғасында оқушылар үшін көрнекі, қолжетімді әрі жүйелі ақпараттық кеңістік жасалды.
Маңыздылығы: Бұл бұрыш оқушылардың құқықтық сауатын арттырып қана қоймай, оларды мектеп ережелерін сақтауға, тәртіптілікке және өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.