Буллинг пен суицидтің алдын алу мақсатында маңызды кездесу » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Буллинг пен суицидтің алдын алу мақсатында маңызды кездесу
28
қараша
2025

Буллинг пен суицидтің алдын алу мақсатында маңызды кездесу

БУЛЛИНГ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІПТІҢ АЛДЫН АЛУ
Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектепте жасөспірімдер арасындағы буллинг пен суицидтің алдын алу мақсатында маңызды кездесу өтті. Оқушылармен ашық диалог жүргізуге Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков және Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова қатысты.
Кездесу барысында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, зорлық-зомбылықтың алдын алу, жасөспірімдердің психологиялық саулығын қорғау мәселелері жан-жақты талқыланды.
Мақсат – оқушыларға қауіпсіз орта қалыптастыру, олардың бойында жауапкершілік, өзара сыйластық және сенім құндылықтарын нығайту.
Бұл – тек кездесу емес, жас ұрпақтың амандығы мен болашағына бағытталған маңызды қадам.

[media=https://www.instagram.com/reel/DRkpQ4CiAaO/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==]