13
желтоқсан
2025
Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою шаралары аясында кездесу
2025 жылдың 13 желтоқсан күні Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінде 9,10,11 - сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесуге Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының инспекторы азамат қорғау аға лейтенанты Хабибулов Диас Дәулетұлы. Азаматтық қорғау лейтенанты,инженер Амантай Данияр Ғазизұлы қатысты.Кездесу барысында мамандар оқушыларға азаматтық қорғау саласының қызметі, төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою шаралары, құтқарушы туралы жан - жақты ақпарат берді. Сондай - ақ оқушыларға төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету тәртібі,алғашқы қауіпсіздік дағдылары және мамандықты дұрыс таңдау жөнінде кеңестер ұсынылды. Төтенше жағдай кезіндегі дұрыс әрекет ету алгоритмдері жайлы,қауіпсіздік мәдениетин қалыптастыру жолдарын, құтқарушы және азаматтық қорғау саласы басқа да мамандықтарының ерекшеліктері, жауапкершілігі мен артықшылықтары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға арналған азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасу және білім алу мүмкіндіктері жөнінде толық ақпарат берді. Кездесу оқушылардың мамандық таңдаудағы бағыт- бағдар кеңейтуге,қауіпсіздік дағдыларын нығайтуға, азаматтық қорғау саласына деген қызығушылығын арттыруға үлес қосу мақсатында ұйымдастырылды. Кездесу тартымды әрі мазмұнды өтіп,оқушылар өздері қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Келген қонақтарымызға үлкен алғысымыз шексіз.