«Мектеп асханасында дұрыс таңдау жасай біл!» тақырыбында танымдық сынып сағаты 1-3 сыныптар » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектеп асханасында дұрыс таңдау жасай біл!» тақырыбында танымдық сынып сағаты 1-3 сыныптар
15
қазан
2026

«Мектеп асханасында дұрыс таңдау жасай біл!» тақырыбында танымдық сынып сағаты 1-3 сыныптар

Тақырыбы: «Мектеп асханасында дұрыс таңдау жасай біл!» тақырыбында танымдық сынып сағаты 

Өткізілген күні: 15.10.2026 ж.

Жұмыс түрі: танымдық сынып сағаты

Бағыты: Салауатты өмір салты және дұрыс тамақтану

Қатысқандар: 1-3 сыныптар

Барлық қамтылған оқушы - 138

Мақсаты: Оқушыларға дұрыс тамақтанудың маңызын түсіндіру, мектеп асханасында пайдалы тағамды саналы түрде таңдауға үйрету, тамақтану мәдениеті мен тазалық ережелерін қалыптастыру.

Сынып сағаты барысында оқушыларға мектеп асханасында тамақтану кезінде тағамның сапасына, пайдалы құрамына және тазалығына көңіл бөлу қажеттігі түсіндірілді. Күнделікті ас мәзірінен денсаулыққа пайдалы тағамдарды таңдаудың маңызы туралы айтылды.

Оқушыларға көкөністер мен жемістер, сүт өнімдері, ет және балық тағамдары, дәнді дақылдар сияқты ағзаға қажетті пайдалы тағамдардың пайдасы түсіндірілді. Сонымен қатар құрамында қант, тұз және май мөлшері көп тағамдарды шамадан тыс тұтынудың денсаулыққа кері әсері туралы қарапайым тілмен түсінік берілді.

   Сынып сағаты барысында оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында «Пайдалы ма, зиянды ма?», «Дұрыс таңдау жаса», «Тағамды ажырат» сияқты танымдық ойындар мен сұрақ-жауаптар ұйымдастырылды. Оқушылар пайдалы және зиянды тағамдарды ажыратып, өздерінің күнделікті тамақтану әдеттері туралы ой бөлісті.

Қорытынды

   Танымдық сынып сағаты барысында білім алушылар мектеп асханасында тағамды дұрыс таңдау, пайдалы тағамдарды ажырату, тамақтану мәдениетін сақтау және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау туралы түсініктерін кеңейтті.

   Өткізілген іс-шара бастауыш сынып білім алушыларының дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыруға, пайдалы тағамдарды таңдауға қызығушылығын арттыруға және салауатты өмір салтын ұстануға бағытталды.