2–4 сыныптар. «Саламатты мектеп – дені сау ұрпақ» тақырыбындағы ақпараттық сынып сағаты.
Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінің 2–4 сынып білім алушылары арасында «Саламатты мектеп – дені сау ұрпақ» тақырыбында ақпараттық сынып сағаттары өткізілді.
Өткізілген күні: 18.09.2026 ж.
Қатысқандар: 2–4 сыныптар
Барлық қамтылған оқушы - 203
Мақсаты: Оқушыларға денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, салауатты өмір салтын ұстануға баулу, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға, дене белсенділігімен айналысуға және қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушыларға денсаулықтың адам өміріндегі маңызы, салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану және жеке бас гигиенасын сақтау туралы түсінік берілді. Сонымен қатар күн тәртібін сақтау, уақытылы ұйықтау, таза ауада серуендеу, дене шынықтырумен айналысу және спорттың адам денсаулығына пайдасы туралы айтылды.
Сынып сағаттарында оқушыларға қолды сабындап жуу, тісті күнделікті тазалау, тазалықты сақтау, пайдалы тағамдарды тұтыну және зиянды әдеттерден аулақ болу жөнінде кеңестер берілді. Оқушылармен сұрақ-жауап ұйымдастырылып, денсаулықты нығайтуға бағытталған пайдалы әдеттер талқыланды.
Білім алушылар өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың, мектепте және күнделікті өмірде тазалық ережелерін сақтаудың маңызын түсінді. Іс-шара оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастырылып, салауатты өмір салты туралы білімдерін кеңейтуге бағытталды.