«Тамақтану тәртібі» тақырыбында баяндама 1-4 сыныптар
19.02.2026. Мектебіміздің бастауыш сынып оқушыларына мектептің әлеуметтік педагогы «Тамақтану тәртібі» тақырыбында баяндама оқыды.
«Тамақтану тәртібі» тақырыбында баяндамадағы – адамның денсаулығын сақтау мен нығайтудағы дұрыс тамақтану мәдениетінің маңызын түсіндіруге бағытталған ақпараттық-ағартушылық материал. Баяндамада тәуліктік тамақтану режимін сақтау, тағамды уақтылы қабылдау, тағам құрамының теңгерімді болуы және ас мәзірін дұрыс жоспарлау мәселелері қарастырылады.
Дұрыс тамақтану қағидаттары, оның ішінде таңғы астың маңызы, күніне 3–4 рет тамақтану қажеттілігі, тағамдағы дәрумендер мен минералдардың рөлі, артық қант пен тұзды тұтынудың зияны туралы ғылыми негізделген мәліметтер қамтылады. Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдер үшін тамақтану тәртібін сақтаудың ерекшеліктері мен оның оқу үлгеріміне және жалпы денсаулық жағдайына әсері талданады.
Баяндама салауатты өмір салтын қалыптастыруға, дұрыс тамақтану дағдыларын жетілдіруге және әр адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына бағытталған.