«Жапсырмаға 5 секунд назар аударсаң – денсаулығыңды сақтайсың» тақырыбында ақпараттық-ағартушылық бейнеролик
Халықтың сапалы әрі қауіпсіз тағам өнімдерін таңдау мәселелері бойынша сауаттылық деңгейін арттыру, тағам өнімдерінің таңбалануын оқып, түсіну бойынша тұрақты дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ ұтымды тамақтану арқылы халықтың өз денсаулығына жауапты және саналы көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Жапсырмаға 5 секунд назар аударсаң – денсаулығыңды сақтайсың» тақырыбында ақпараттық-ағартушылық бейнеролик көрсетілді.
Аталған бейнеролик мектеп оқушыларына және ата-аналарға таныстырылып, сонымен қатар ата-ана чаттарына орналастырылды. Бейнеролик барысында тағам өнімдерінің қаптамасындағы таңбалауларды оқу, өнімнің құрамы мен жарамдылық мерзіміне назар аудару, денсаулыққа зиянды қоспалардан сақтану мәселелері түсіндірілді.
Іс-шараның нәтижесінде қатысушылардың тағам өнімдерін саналы түрде таңдауына, қауіпсіз әрі сапалы тағам тұтыну дағдыларын қалыптастыруға ықпал жасалды.


https://www.instagram.com/p/DU_Io5DCOAi/?img_index=1&igsh=MXIxdXpqczBlOHRuNQ==https://www.facebook.com/share/v/1CBLgCe6u3/?mibextid=qi2Omg