23
желтоқсан
2025
«Тамақтан уланудың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары
23.12.2025 жылы мектеп асханасында аспазшылармен «Тамақтан уланудың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстары барысында тағам өнімдерін дұрыс сақтау, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, жеке бас тазалығы, ас дайындау және тарату кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Түсіндірме жұмыстарының мақсаты – тамақтан уланудың алдын алу және оқушылардың қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету.