«Құқықтық мемлекет дегеніміз не?» тақырыбында семинар » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Құқықтық мемлекет дегеніміз не?» тақырыбында семинар
15
мамыр
2024

«Құқықтық мемлекет дегеніміз не?» тақырыбында семинар

Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектепте мамыр айының 15-ші жұлдызында 9-10 сыныптарың білім алушыларымен «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы аясында «Құқықтық мемлекет дегеніміз не?» тақырыбында семинар сабақ  жүргізілді. Семинар сабақты мектебіміздің тарих, құқық негіздері пәнінің мұғалімі И.И.Малдыбаева  өткізді.
«Құқықтық мемлекет дегеніміз не?» тақырыбында  семинар сабақ жүргізу мақсатымыз құқықтық мемлекеттің қағидаттары  мен белгілерін анықтау арқылы  білім алушылардың құқықтық құзыреттілігін арттыруға  мүмкіндік беру болатын. 9-10 сыныптарының  білім алушылары «Қазақстан-құқықтық мемлекет!» атты бейнефильмді тамашалап,тақырыпқа байланысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Білім алушылар құқықтық мемлекетте барлығы тең дәрежеде заңға бағынатын мемлекет екендігін,мұнда бірінші орында адам және оның өмірі, құқығы мен бостандығынан  тұратындығын толық білді. 
Бұл семинар сабақтың білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасының  деңгейін арттыруына және құқықтары мен міндеттерін біліп,заң алдындағы жауапкершілікті сезінуіне қосатын үлесі зор деп білеміз
[media=https://www.instagram.com/p/C7G8BTtshEv/?igsh=MjRxOGNxZTk2czZi]