«Мен және менің жанұям» сауалнамасы. 8-11 сыныптар
Тақырыбы: «Мен және менің жанұям»
Құндылық: Әділдік және жауапкершілік
Жұмыс түрі: сауалнама.
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSe2ve7NVUW_6iq0Nei9ZrGgOATVGgzBd2o-BJ3Km4PAmTFS_g/viewform?usp=publish-editor
Қатысушылар: 8-11 сынып оқушыларыМақсаты: Отбасылардың әлеуметтік жағдайын, тұрмыстық қажеттіліктерін, балалардың білім алуы мен тәрбиесіне қатысты мәселелерін анықтау, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларды айқындау және оларға қажетті көмек көрсету бағыттарын белгілеу.
Мектепте білім алушылардың отбасылық және әлеуметтік жағдайын зерделеу, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларды анықтау, балалардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына талдау жасау мақсатында 8, 9, 10, 11-сынып оқушылары арасында «Мен және менің жанұям» тақырыбында сауалнама жүргізілді. Сауалнама Google Forms платформасы арқылы электронды форматта алынды. Сауалнама жалпы 12 сұрақтан тұрады. Сауалнама мазмұны оқушылардың отбасылық жағдайын жан-жақты зерделеуге бағытталды. Атап айтқанда:
- отбасының құрамы және отбасы мүшелері туралы мәліметтер;
- отбасының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы;
- отбасының негізгі табыс көзі;
- тұрғын үй жағдайы;
- баланың оқуына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі;
- мектептегі ыстық тамақпен қамтылуы;
- мектепке киетін маусымдық киім-кешек;
- оқу үшін интернет пен қажетті құрылғыға қолжетімділігі;
- отбасының әлеуметтік қолдауға қажеттілігі қамтылды.
Сауалнама нәтижесінде:
Сауалнама нәтижелері арқылы оқушылардың отбасындағы әлеуметтік ахуалын, материалдық-тұрмыстық жағдайын, білім алуына қажетті жағдайлардың жасалу деңгейін анықтау көзделді.
Жиналған мәліметтерді зерделеу негізінде балалардың оқу үлгерімі, бос уақытын ұйымдастыруы және қарым-қатынасына қатысты жауаптар мектеп мамандары тарапынан педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік қолдауды қажет ететін мәселелерді анықтауға көмектеседі.
Сауалнама нәтижелері құпиялылық талаптарын сақтай отырып қарастырылып, әлеуметтік педагогтің алдағы жұмыс жоспарына негіз болады.
Қорытынды:
«Мен және менің жанұям» сауалнамасы оқушылардың отбасылық және әлеуметтік жағдайын анықтауға, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларды дер кезінде зерделеуге мүмкіндік береді. Сауалнама нәтижелері бойынша тиісті әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар ұйымдастыру ұсынылады.