Мамандық таңдау
«Мамандық таңдаудың маңызы» тақырыбында өткен
ата – аналар жиналысы
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған «Мамандық таңдаудың маңызы» тақырыбында мектепте 2017 жылдың 20 қараша күні ата – аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 9 – 11 сынып оқушыларының ата – аналары қатысты. Жиналыста диретордың бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары Ш. Науатова «Баланың мамандық таңдау мәселесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада мамандық таңдаудағы балаға көмек көрсету жолдары, түлектер арасында ең танымал мамандықтар, қазіргі заманның табысты мамандары, болашақтың табысты мамандары туралы ата – аналарға ақпарат берілді.
Мектеп психологы Ж. Қарамырзаева «Мамаңдық таңдай білесіз бе?» тақырыбында ата-аналармен тренинг өткізді. Тренингке ата – аналар белсенді қатысып, мамандақ таңдау мәселесіне байланысты өз ойларын ортаға салды, пікір алысты, постер қорғады. Сонымен қатар мектеп психологы Жаннат Бостанқызы мамандықты дұрыс таңдау және балаларына көмек көрсетуге арналған психологиялық кеңестер беріп кетті. Атап айтсақ:
«Кәсіп таңдау-тек қана болашаққа үңілу емес, ол өзіңнің ішкі жан-дүниеңе үңілу...»
Бірге отырып таңдау жасалған кәсіптің «пайдалы» және «пайдасыз» жақтарын қарастырыңыз.
Болашақ мамандық таңдауда баланың да пікірін ескеріңіз.
Мамандықты таңдағанда қаржылық жағын ескере бермей, моралдік жағына да көңіл бөліңіз.
Мамандық таңдауда балаға қысым көрсетпеңіз, әйтпесе ол келіспеушілікке әкелуі мүмкін.
Бала арманының орындалуына барын салып ынталанса, оған сүйеніш болыңыз.
Егер балаңыз таңдауда қателессе,оны жазғырмаңыз. Қатені түзетуге болады.
Егер балаңыздың қандай да бір кәсіпке қызығушылығы ерте ояна бастаса, оны үйірмелерге беріп, әдебиеттермен білімділігін қолдап отырыңыз.
Есіңізде ұстаңыз, кәмелетке толған, өзінің таңдауына жауап бере алатын адам, ақырғы шешімді баланың өзі жасауы керек!
Ата – аналар жиналысында мамандық таңдаудың маңызы туралы жан – жақты айтылды. Жиналыс соңында ата – аналар Тілек ағашына кері байланыс жазып қалдырды.
Ата – аналар жиналысынан қөрініс

