13
қазан
2017
мектеп тарихы
Мектеп
1989 жылы ең алғаш аралас мектеп, кейіннен ата-аналардың, облыстық «Ақ жол»
газетінің тілшілерінің араласуымен 1990 жылы қазақ мектебі болып ашылған.
Жамбыл
халық депутаттары қалалық советінің 1990 жылы 23 наурыздағы №181 қарарымен
Т.Рысқұлов есімі берілді. Мектептің алдына «Тұрар Рысқұлов ескерткіші-бюсті»
1991 жылы қойылған.
1994
жылы Т.Рысқұловтың 100 жылдық мерейтойына орай оқушыларды Тұрардың рухына сай
тәрбиелеу мақсатында Т.Рысқұловтың өнегелі өмір жолына арналған мұражай ашылды.
Сол
мұражай 2012 жылы қайта жаңартылып, жас ұрпақты халқымыздың, аға ұрпақтың ерлік
дәстүрінде тәрбиелейтін материалдармен толықтырылды. «Алаштың ардақ тұтар
азаматы», «Т.Рысқұлов – қоғам және мемлекет қайраткері», «Тұрар есімі естен кетпес» тақырыптарында жасалған
бұрыштарда Т.Рысқұловтың өмірі, қызметі, жанұясы туралы жазылған
мақалалар қойылған. Мұражайға қойылған
жаңа экспонаттың бірі - Т.Рысқұлов мүсіні.
Сондай-ақ мектеп өміріне арналған «Бізде қонақта», «Мектеп басшылары» айдары
бойынша жасалған бұрыштар, құрметті зейнетке шыққан мұғалімдерге арнап «Ардагер
ұстаздар», киелі білім ордасын бітіріп, түрлі салада алуан кәсіп иелері болып жүрген шәкірттерге
арнап «Мектеп мақтанышы», газет – журнал
беттерінен жарық көрген көптеген
мақалаларға арнап «Мектеп өмірі баспасөз
беттерінде» бұрыштары жасақталған.
Мектеп
жанынан Елбасы жолдауын іске асыру мақсатында 2008 жылы балаларға арналған «Ботақан» шағын орталығы ашылған. Шағын
орталықта 3-6 жас аралығындағы 108 бала тәрбиеленуде, 4 топ. Шағын орталық бойынша – 22 маман жұмыс
істейді, оның 13-і тәрбиеші.