Қашықтықтан оқыту педагог күнделігінен » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қашықтықтан оқыту педагог күнделігінен
04
мамыр
2020

Қашықтықтан оқыту педагог күнделігінен

#ПЕДАГОГКҮНДЕЛІГІНЕН
Қазіргі таңда еліміздегі төтенше жағдайға байланысты болып жатқан өзгерістерге тез бейімделу қажеттілігі туындап отыр. Мектеп пен мұғалім күрделі мәселелерді шешуде, дәстүрлі түрдегі сабақтан қашықтықтан оқуға ауысуы, ол - біздің тәжірибемізде алғашқы рет болып отырған жағдай. Бұл оқудың табысты болуы тікелей өзімізге байланысты. Соңғы бірнеше күнде өмір біршама өзгерді, ұстаздар қашықтықтан сабақтарын өткізіп, ал оқушылар білім алуда, ата-аналар үйде жұмыс жасауда. Мұндай жағдайда қиыншылықтар туралы ойланудың орнына, бар мүмкіндіктерге назар аудару қажет. Психологиялық денсаулықты сақтау және стресс пен депрессияның алдын алу, сабақты көбінесе өз бетінше меңгеру, бос уақытты дұрыс ұйымдастыру және жағымды психологиялық ахуал орнатып, жарасымды қарым-қатынас орната алу, осы жағдайда өте маңызды болып тұр.
Мұндай тәсілді оптимизм деп атауға болады. Көңіл күйді жоғалтпауға және алаңдаушылыққа бой алдырмауға және сонымен қатар, бірге жағдайды байыпты қабылдауға көмектесіп, психологиялық тұрғыдан қолдап отырған Тараз қаласы Т. Рысқұлов атындағы №48орта мектебінің психологтары да қазіргі уақытта қашықтықтан қарқынды жұмыс атқаруда.
Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап еңбек етіп жүрген мамандарға, психологиялық денсаулығын сақтауға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, кәсіби күйзелістің алдын алуға, сондай-ақ оқушылардың ұстаздар көмегімен өз бетінше білім алуына, жауапкершілікпен қарауға, өз уақытын дұрыс ұйымдастыру, шығармашылықтарын дамытып, өзін-өзі жетілдіру, өз мүмкіндіктерін іске асыру, мазасыздық пен алаңдаушылықтың алдын алу және ата-аналарға отбасылық қарым-қатынасты нығайтуға, үйде жайлы атмосфера қалыптастыруға, отбасы мүшелері арасында позитивті көңіл-күй сыйлауға, бала жанының тыныштығы үшін жағдай жасауға, қашықтықтан оқыту кезеңінде баланың бойындағы оқуға деген қызығушылығы мен ынтасын сақтауға және бәрін үлгеруге байланысты мектеп психологтары психологиялық кеңес пен ұсыныстар, атап айтсам мектебіміздің 65 сыныптың оқушылар мен ата-аналар чатына қосылып, психологиялық қолдау жасап және барлығын бақылауда ұстап, сонымен бірге ойын-жаттығуларды әзірлеп ата-ана, оқушы, ұстаздарға ұсынып отырмыз. Нәтижесінде өз ризашылықтарын білдіруде.
Психолог – ол одан көмек сұраған басқа адаммен қатар жүріп, оған бағыт бағдар, көмек беретін адам. Психолог адамға өзін-өзі түсінуіне, өз мәселелерін сезінуіне және сол мәселелерден шығу жолдарын өзі табуына көмектеседі. Қолдауды мұқтаж еткен адамды түсініп, оған мамандырылған көмек көрсету – жоғарғы дәрежедегі міндет. Міне, осы тұста мектеп психологтарының тигізетін көмегі зор. Психологтың ата-анамен қарым-қатынасы барысында, оған өзінің рөлі, міндеті туралы жаңа көзқарас қалыптастырып, баланы басқа қырынан көруге көмектеседі.Психолог маман тек ата-анамен, оқушымен ғана жұмыс істеп қоймайды. Ол – мектеп ұжымында, оркестр дирижері секілді, оптимизмнің қайнар көзі мен бұлағы.
Ең бастысы қазір отбасымызбен бірге үйде болып, сабырлылық пен шыдамдылық танытсақ барлығы жақсы болды, барлығымыз бірге бұл қиындықты да жеңеміз, жақсы күндер күтіп тұр. Біз біргеміз!
Карамырзаева Жаннат Бостановна
Тараз қаласы, Т. Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінің педагог-психолог

Опубликовано Т.Рысқұловом Қырық Сегіз Омом Суббота, 2 мая 2020 г.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив