21
мамыр
2021
9,11 сынып оқушыларына кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алуға байланысты ҚР ӘҚБтК баптары 435,440,441,442 баптары туралы дәріс оқылды.
2021 ж. 20 мамыр күні құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында №6 мобильдік топтың жетекшісі, Тараз қаласы прокуратурасының бөлім басшысы Р.Ильясов, топ мүшелері полиция аға лейтенанты М.Қалдаман, психолог Ж.Қарамырзаеваның және Тараз қ. ЖПҚ ЮПБ аға УПИ полиция аға лейтенанты М.Шайдозымның қатысуымен 9,11 сынып оқушыларына кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алуға байланысты ҚР ӘҚБтК баптары 435,440,441,442 баптары туралы дәріс оқылды. Білім алушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап,кеңес берілді. Мобильдік топ мүшесі психолог Ж.Қарамырзаева «Өзін- өзі басқару мен бағалау», «Өз-өзіне сенімділік бағдарламасы» тақырыптарында тренинг өткізді. Сонымен қатар жазғы демалыс кезіндегі балалардың өмір қауіпсіздігін сақтауға арналған "Өрт қауіпсіздігі " , "Суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік" және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша ережелермен таныстырылды.











