«Мектеп қабырғасында және мектептен тыс жерлерде оқушылардың құқық бұзушылық пен қылмыстық жауапкершіліктері »
9-10 сынып ұлдары мен олардың ата-аналарының қатысуымен жиналыс өткізілді.
Күн тәртібінде «Мектеп қабырғасында және мектептен тыс жерлерде оқушылардың құқық бұзушылық пен қылмыстық жауапкершіліктері туралы» мәселе қозғалды. Жиналысқа қалалық білім бөлімінің бас маманыҮкібасов Қайрат Исаұлы қатысты.
Құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тлеубердиева Қаламқас Танабайқызы кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алдын алу бүгінгі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып отырғанындығына тоқталды.Жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күрес біздің мемлекетіміздің құқықтық саясатындағы маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Ішкі істер органдарының қолданып жатқан шараларына қарамастан жастар арасында қылмыс жасау мен жасөспірімдердің өз бетімен кетушілігі алаңдатып отыр. Кәмелетке толмаған адамға әкiмшiлiк жаза қолданған кезде оның өмiр сүру және тәрбиелену жағдайлары, психикалық даму деңгейi, жеке басының өзге де ерекшелiктерi, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың әсер етуi ескерiледi.Жастар арасында қылмыс жасау мен жасөспірімдердің өз бетімен кетушілігі алаңдатып отыр.
Мектептегі балалар арасындағы өзара келіспеушілік пен сөз таластырудың соңы үлкен дау-жанжалға ұласуда.Қандай да болмасын істің шешілетін түйіні болуы шартты нәрсе,ал сол шешуін таппаған мәселені жұдырық арқылы орнына қоямын деу, ол білімсіздіктің бір ұшы.
Жасөспірімдердің әкімшілік,азаматтық қылмысына ата-аналары жауап береді деп ескерту жасады.

