Қамқоршылық кеңесі » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңесі
05
маусым
2018

Қамқоршылық кеңесі

                                                                                                                                                          2 маусым 2018 жыл
                                          Қамқоршылық кеңесінің отырысы
  
Қатысқандар:
1.      Сасықбаев Е.А-  қамқоршылық кеңесінің  төрағасы;
2.      Абдешова А.А – мектеп директоры;
3.      Меймашов А.Ә - мектеп инспекторы,полиция капитаны
Күн тәртібінде:
1.2017-2018 оқу жылында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың   алдын алу» бойынша жүргізілген іс-шаралар есебі.
Баяндамашы   Меймашов А.Ә –мектеп инспекторы,полиция капитаны.
       Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың«Қазақстан-2030» стратегиясын
жариялап,  «Қазақстан 2030-жылы дамыған, қуатты мемлекетке айналады. Ол Орта Азия барысына  айналып, ТМД елдерімен қатар, Еуропаны мойындатады» деген болатын. Ұлттық қауіпсіздіктің бастышарты-адам құқығын қорғау және әр азаматтың,әр жеке тұлғаның қауіпсіздігін сақтау.
 Бұл ішкі дүниесі бай, білімі зор Елбасының дұрыс таңдаған жолының жемісі». 
Осыған байланысты  кәмелетке толмаған,жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу үшін тәрбие орынбасарларымен бірлескен  іс-шаралар жоспары жасалынып, Тараз қалалық ІІБ ЖПҚбастығы бекітті.
      2017-2018 оқу жылы он күүнен аса сабаққа келмей жүрген  оқушылар анықталып, олардың мектепке келуі жолға қойылды.Олардың ата-аналар бір емес бірнеше рет директор жанындағы отырысқа шақыртылды.
Мобильдік топтың мүшелерінің  қатысуымен оқушылар  және олардың ата-аналарымен әр түрлі тақырыптарда: «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс», «Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі» және «Жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алудың өзекті мәселелері»  ,Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140, ҚР ӘҚБтК 127,132,133,440,442 баптары туралы  әңгіме-сұхбаттар жүргізіліп,ұлдар-қыздар жиналыстары өткізілді.           
Оқушылардың саяси рөлдерді орындау және олардың мәндерін түсіну, саяси жағдайларды
 бағалау қабілеттерін дамыту. Құқықтық нормалар негізінде қоғамдық қарым-қатынасқа араласу
 және өз құқықтарын білу және қорғауды қамтамасыз ету даярлығы  мен қабілеттерін дамыту.
Мектеп жарғысындағы оқушының негізгі  міндеттері:сабақты ынта қойып оқу,зейін салып тыңдау,
сабақтан кешікпеу,себепсіз қалмау,дәлізде босқа жүрмеу,мектеп үлгісіне сай киіну,сабақ өтілу кезінде  ешкімге бөгет болмай тыныштық сақтау,сабақ біткен соң мезгілсіз жүрмей үйге қайту және алкоголь дік ішімдік,темекі,өткір,кескіш,тескіш заттар алып келмеу, сағыз шайнау,пісте шағу ,қымбат бағалы , құнды киім мен заттар (ұялы телефон,сырға,сақина,сағат...т.б) ұстамау, кешкі сағат 22.00-ден кейін жанында ата-ана болмаса көшеде,көңіл көтеру орындарында ,яғни түнгі ойын-сауық  орталықтары, интернет клубтарында  жүруіне болмайтындығы туралы1-4,5-8 және 9-11 сынып ұлдары мен қыздары жиналысы өткізіліп, ескертілгендігі жөнінде  олардың ата-аналарынан қолхат алынды. Әр аптаның  жұма ,сенбі күндері  сынып жетекшілерінің  қатысуымен «Жібек жолы»,  «Қайқармет» базарларына  «Жасөспірім»,  «Көше»  және «Түнгі қаладағы балалар»  бойынша үнемі рейд жасалынды.
Оқу жылы бойында өткізілген барлық ата-аналар  жиналыстары мен кеңестерде
қала,облыс көлемінде болып жатқан қылмыс түрлерімен,оған жасөспірімдердің қаншалықты
қатысы туралыайтылып,ақпараттар беріп отырдым.
    Құқық айлығында құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Тлеубердиевамен бірге 9 сынып
оқушыларымен «Құқық әлемінде» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.Оқушылар үлкен белсенділік  танытты.
Тағы бір айтарым,жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын  алу бүгінгі
қоғамның өзекті  мәселелерінің бірі болып отырғанын,жастар арасында орын алатын қылмыс тек
 арнайы мамандардың ғана емес, бүкіл қоғамның күн тәртібінен  түспей келеді.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күрес біздің мемлекетіміздің құқықтық саясатындағы маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Ішкі істер органдарының қолданып жатқан шараларына қарамастан жастар арасында қылмыс жасау мен жасөспірімдердің  өз бетімен кетушілігі алаңдатып отыр. Кәмелетке тол­маған­дардың қылмыстық жауап­тылығы туралы мән-жай­лар      Қазақстан Республикасы Қыл­мыстық кодексінің VI бөлі­мін­де кеңінен қарас­тырыл­ған.
Кәмелетке толма­ғандар деп қылмыс жасаған кезде жасы 14-ке толған, бiрақ,
18-ге тол­маған адамдар танылады, яғни, қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталатындығы және
жасалған қылмыстың санатына байланысты (аса ауыр, ауыр, орташа, кішігірім) қылмыс жасаған
 кәмелетке толма­ған­дарға қылмыстық жаза таға­йын­далуы мүмкiн немесе оларға тәрбиелiк әсерi бар мәж­бүрлеу шаралары қолда­нылатындығы туралы өткізілді.


 


 


Похожие публикации:

15 қаңтар 2018 Мамандық таңдау
22 мамыр 2017 Д.Қонаев 105 жас