Түлектер сабағы
Түлектер сабағы
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Бүгінгі түлек – ертеңгі тірек» жобасын іске асыру мақсатында бүгін, яғни 12 қаңтар күні мектебіміздің 2000 жылғы түлегі қазіргі таңда «Тұрғын үй жинақ банктың» қаржылық кеңесшісы Малғажинова Фейруза «Менің сүйікті мамандығым» атты түлектер сабағын жүргізді. Сабаққа 9 «Б» сынып оқушылары, сынып жетекшілері қатысты. Сабақ барысында Фейруза өзінің мектеп бітіру кезінен бастап қазіргі уақытқа дейінгі өз еңбек жолы, өзінің мамандығы туралы оқушыларға толық мағлұмат берді. Сабақ сонында оқушылар өздерінің сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, осындай кездесулер жиі болғандығы туралы айтып, естелік суретке түсті.




