« Қыз еркем, анасымен көркем» » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » « Қыз еркем, анасымен көркем»
31
мамыр
2018

« Қыз еркем, анасымен көркем»

                                Қыз бала мен аналар арасындағы байқау
Мақсаты: Болашақ  қыздарымыздың  тәрбиелі, өнерлі болып , анасына қолғанат, инабатты  ,  ибалы, үлкенді сыйлап , кішіні құрметтейтін, көргенді қайтпас қайсар қыздарын тәрбиелеп отырған мейірімді  ата- аналардың  қыз бен ана арасындағы парасатты тәрбиені насихаттау.
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты.
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?
                                                    Абай.
Қыз -ел, ауыл еркесі үлпілдеген үкісі , алақандағы аяулысы , басқа елдің болашақ келіні, анасы. «Қыз –өріс,қыз-қонақ »,-деп ,туған туыстары оларды аялап ,мәпелеп өсірген.Қызға қатты сөз айтылмауға тиіс . «Кім де кім үш қыз өсіріп , тәрбиелеп ,бой жеткізіп ,құтты орнына қондырса , оның сыйлығы-жаннат»,-деген Мұхамбет пайғамбар. Ырым бойынша қыз туғанда көйлек тігер, қырық жеті деп тұспалдап атаған.Бұрыңғы заманда ата-аналары ,жеңгелері,апалары мен жанашырлары қызды көзден таса қылмаған,қазіргідей тым еркін жібермеген,әдеп жолынан аттаттырмаған. «Қызға қырық үйден тыйу, қала берді есіктегі қара құлдан тыйу ,күл шығарып ,от жаққан күңнен де тыйу» деген аталы сөз, желкілдеп өскен қыр гүлдеріне көрсетілген қысым да емес ,зорлық-зомбылық та емес. Керісінше, қыр гүлдері пәк күйінде құлпырып өссін , жаманаттан аулақ болсын дегені.Себебі,қыздар –біздің келешегіміз ,болашақ аналарымыз.Мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге болады.Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты тазалыққа,ұқыптылыққа , жинақылыққа үйрете отырып , баланың көп біліуге құштарлығын арттырып , кітап оқу мәдениетін дамыту. Бесінші-сегізінші сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері н ілгеріОсы сайысқа 3 «Б»сыныбынан 3- оқушы анасымен сайысқа қатысты..
Жансая және оның анасы – Гулнар   
Шұғылажәне оның анасы – Базаркүл.
Мерей және оның апкесі– Айгерім
 
 Сайыс 5 кезеңнен тұрады.

1.      «Сәлем – сөздің анасы» /таныстыру/
2.      «Бәйге» /сұрақ – жауап/
3.       «Он саусағы  майысқан шебер болар  ұрпақпыз» / шығармашылық қолөнер/
4 .      Өнер      /анасымен/
5.       Тіл өнері /жұмбақ, мақал-мәтел/
6.      Ас адамның арқауы /салат жасау/
 
 
Бүгінгі сайысқа қатысушылардың өнерін бағалау үшін әділқазылар
 1. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Асқанбекова Нурбану
 2. Бастауыш сынып мұғалімі: Тасжүрекова Жанар
 3. Мектеп психологы Тастимерова Гүлзат
Бұл тұста , жас ерекшелігіне қарай,қыз бала анасынан ешнәрсе бүкпейді.Қалт еткен нәрсенің бәрін айтып келеді.Сол шыншылдығы мен ашықтығын пайдаланып ,қыз баланың келешегіне ең керекті нәзіктің ілтипаттылық, үлкенді сыйлау , кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру басты борыш.Сонда бұл сипаттар келешекте жарасымды жар, аяулы ана ,қоғамымыздың белсенді мүшесі болатын қыз баланың бойына әрқашан нұр болып құйылады .Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасын туыстарын ,ұстазын сыйлап , қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін жерін ,халқын сүйетін ,өз шаңырағын ардақтайтын , балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан ,нәзік ару шығары сөзсіз.Сондықтан да еңбекқор тәрбиелеу –мектеп пен ата-ананың басты міндеті дер едім.Қорыта келе Төле бидің мына сөзін зерделегім келеді.
«Асыл пышақ қын түбінде жатпайды » деген. «Келінім ақылды болса ,балам дана болады.Ердің бақыты –әйел.Ел сыйлайтын ерді ақылдылықпен адам етіп тәрбиелейтін –әйел» деген екен.
«Жолықсаңдар тағдырдың ызғарына ,
Тілектеспін ел салтын бұзбауыңа.
Абай атты армандай ұл өсіріп
Ат қойыңдар Тоқжан деп қыздарыңа».
 
 

Похожие публикации:

15 қаңтар 2018 Мамандық таңдау
11 қаңтар 2018 Жиналыс
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив