Мектебімнің ауласы гүлденсін » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімнің ауласы гүлденсін
31
мамыр
2018

Мектебімнің ауласы гүлденсін

                                  Мектебімнің ауласы гүлденсін 

  

                                                                          Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі:Тастемирова Г.К. 

12.04.2018ж. күні 4сынып оқушыларымен мектеп ауласында  оқудан тыс іс –әрекет өткіздім. Жоба «Көктемгі көгалдандыру акциясы» тақырыбында өтті. Жоба құндылығын «Дұрыс әрекет» деп алып, қасиеттерге  риясыз еңбек ету, қамқорлық, жауапкершілікті тірек еттім. Жоба өткізудегі мақсатым балаларды өз мектебінің айналасында көгалдандыру жұмысымен шұғылдандыру арқылы  табиғатты аялау, қорғаудың адамзаттың парызы екенін, әрі бұның дұрыс әрекет екенін ұғындыру болды. Мұндағы міндеттерім: табиғат пен адамның үйлесімділіктері туралы түсінік қалыптастыру; туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру,  табиғатты күту іскерліктерін дамыту; қоршаған ортаға қамқор болуға, экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу еді. 

Оқудан тыс іс – әрекеттің жобасын даярлау жоспары бойынша дайындық жұмыстары жасалды: жобаны алдымен мектеп әкімшілігімен талқылап, көгалдандыру акциясына 4 сынып оқушыларын қатыстыратынымды айтып талқыланды. Содан кейін 4 сынып жетекшілерімен құрылған жоспармен бөлісіп, олардан қандай көмек қажет болатынымен айттым. Олар осындай игі іске көмек беруге даярлықтарын білдірді.Оқушылармен іс- шараның бағдарламасын дайындау үшін 4 сынып оқушыларымен және олардың ата –аналарымен әңгіме жүргіздім. Ата –аналар мектеп ауласын көгалдандыру үшін демеушілік жасауға келісті. Мектеп ауласынан гүл отырғызылатын аумақты бөліп алып алдын ала дайындап қойдым. 

Іс –шараны өткізу үшін өз кіріспе сөзімде іс – шараның мақсатын түсіндіре келе, бүгінгі «Көгалдандыру акциясының неліктен өткізілетінін, бұл шара біздің табиғатты қамқорлауға қосқан кішкентай үлесіміз екендігі жөнінде ақпарат берілді. Іс - шараның дәйексөзі ретінде «Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ» деген Р.Сәтімбековтің сөздерін айтып, өздері осы сөздерді қалай түсінетіндерін сұрадым. Олардың берген жауаптарын қорытындылап,  мектеп ауласында дайындалып қойылған жерге раушан гүлдер отырғыздық. Балалар кезегімен өздеріне дайындалған орындарға өздері әкелген раушан гүлдерін отырғызды. Топырағын үйіп, түбіне су құйды. Содан кейін, Е.Өтетілеуовтң сөзіне жазылған И.Нүсіпбаевтың «Жас дәуірдің түлегіміз» деген әні топпен айтылды. 

           

                                                                                               


                        «Көктемгі көгалдандыру» іс-шарасы

       Соңында қорытындылау үшін балаларға алғыс айтылып, бүгінгі іс–шарадан алған әсерлері мен ақпаратты жүректерінде сақтап, ары қарай таратып жүріңдер деген тілекпен аяқтадым. 

Похожие публикации:

15 қаңтар 2018 Мамандық таңдау
11 қаңтар 2018 Жиналыс
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив