Педагогикалық жұмыс әдістемесі » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагогикалық жұмыс әдістемесі
15
ақпан
2018

Педагогикалық жұмыс әдістемесі

                        Педагогтің кәсіби іс-әрекетіндегі оқушылармен
                                педагогикалық жұмыс әдістемесі 

 
Мақсаты:  Педагогтардың кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық этика негіздерін қарастырып, педагогикалық қарым-қатынас стилін  орната  білу  біліктілігін арттыру. Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдарын іздестіру.  Осы бағыттағы жұмыс түрлерін жүйелеу, өзара тәжірибе алмасу.    
Күтілетін нәтиже: 
 Педагогикалық қарым-қатынас стилдері туралы білімдері мен кәсіби шеберліктері артады; 
 Үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жандандырады; 
 Өзара тәжірибе алмасады 
  
Жоспар:  1. Сәлемдесу рәсімі.  «Бір-біріне» жаттығуы (2 мин.)   
                 2. «Біз барлығымыз әртүрліміз» жаттығуы  (3 мин.) 
                 3. «Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс» - топтық жұмыс (15 мин.) 
                 4. Ақпараттық сессия «Білім беру жүйесіндегі мұғалімнің рөлі» (10 мин.) 
                 5. Видеороликтер  презентациясы (10 мин.) 
                 6. Психологиялық кеңес «Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс» (5 мин.) 
                 7. Рефлексия (2 мин.) 
  
Тренингтің  барысы: 
 Сәлемдесу рәсімі.  «Бір-біріңе» жаттығуы 
Мақсаты: бір-біріне деген мейірімді қарым-қатынасты қалыптастыру, көңіл-күйлерін көтеру, эмпатия сезімдерін арттыру. 1.     қолдарымен амандасу; 
2.     саусақтарымен амандасу; 
3.     шынашақтарымен амандасу; 
4.     иықтарымен амандасу; 
5.     аяқпен амандасу; 
6.     құшақтасып амандасу; 
 Мұғалімдерді 2 топқа бөлу:  пән мұғалімдері, сынып жетекшілері 
«Біз барлығымыз әртүрліміз» жаттығуы 
 Әр топтаң  «шақыру» техникасы бойынша 3 мұғалімнен шақырылады. 
-  Жаттығуды орындау үшін ортаға бірнеше адамды шақырайық.  Мен белсенділігі үшін ең бірінші Айнұрды шақырайын, ал сіз кімді шақырасыз? Әрбір ортаға шыққан қатысушы ортаға өзінен кейін бір адамды шақырады. Содан кейін берілген нұсқау бойынша жаттығу орындалады. 
Нұсқау:  - Мынау үстөлде бірнеше майлық жатыр, олардың барлығы әртүрлі түсте, сіздер әрқасыңыз қалағанын алыныздар.  Майлықты ортасынан бүктеңіздер, тағы бір рет бүктеңіздер.  Енді оң жақтағы жоғарғы бұрышын жыртыңыз, содан кейін сол жақтағы төменгі бұрышын жыртып алыңыз. Тағы да майлықты бүктеңіз оң жақтағы жоғарғы бұрышын жыртыңыз, тағы бүктеңіз сол жақтағы жоғарғы бұрышын жыртып алыңыз. Солай бернеше рет қайталау. Аяғында майлықты ашып барлығына көрсету керек. Не болды? 
- Біз көріп тұрғандай, әрқасымызда әртүрлі өрнектер пайда болды. Бұл біздің барлығымыздың әртүрлі екенімізді дәлелдейді. Біз барлығымыз әртүрлізім, әртүрлі ойлаймыз, қабылдаймыз және сезінеміз, сондықтан да кез келген жағдайда әртүрлі 
әрекеттер  жасаймыз. 
 Топтық жұмыс  «Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс» 
Тапсырма. 
-Пән мұғалімдеріне - үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс түрлері; 
-Сынып жетекшілеріне - сынып жетекшісі ретінде үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс түрлері; 
  
Ақпараттық сессия   (слайдтар презентациясы) 
«Білім беру жүйесіндегі мұғалімнің рөлі» 
 Видеороликтер  презентациясы: 
«Звездочки на земле», «Расписание на после завтра»,  «Любимые фразы учителей» 
Психологиялық кеңес: «Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс істеу жолдары»,  «Баланың  сабаққа үлгерімін арттыруға байланысты бірнеше кеңестер». 

 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив