"Зерде" ғылыми-әдістемелік орталығының жылдық жұмыс жоспары
Тақырыбы: Педагогтердің кәсіби құзіреттілігін дамыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру
Мақсаты: Педагогтердің кәзіби құзіреттілігін арттыру жұмыстарын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету
Міндеттері:
1. Ғылыми әдістемелік орталықтың жұмыстарын іс-әрекетті зерттеу жұмыстарына бағыттау.
2. Оқу үрдісін ғылыми - әдістемелік жұмыстың жаңа әдіс-тәсілдерімен қамтамасыз ету;
3. Педагог кадрлардың біліктілігін жоғарылату барысындағы жұмыстарды жүргізу;
4. Бірлестіктердің жұмыс жүйесіне бағыт – бағдар беру;
5. Педагогтердің іс-тәжірибесін тарату.
Күтілетін нәтижесі:
-Мұғалімнің ғылыми- педагогикалық білімі тереңдейді;
-Инновациялық көзқарастағы құзырлы ұстаз тәжірибесі қалыптасады;
- Оқушылардың функционалдық сауаттылығы артады.
Инновациялық бағыт:
Жаңартылған оқу бағдарламасының бұрынғы мемлекеттік стандарттан айырмашылығын меңгерту және бағдарлы оқытуды жандандыру
Ғылыми-әдістемелік бағыт:
Әдістемелік онкүндіктер, «Жас мамандар» жұмысы, деңгейлік курстан өткен мұғалімдер жұмысы, өзгеріс тобы жұмыстарын іс-әрекетті зерттеуді педагогикалық ұжымды оқытуға бағыттау, жаңартылған оқу бағдарламасына көшуге мектеп тренері көмегімен қажетті білім ортасын құру, мұғалімдерді аттетациялау мен білім жетілдіру курстарына жіберу жоспарлы жұмыстарын жасау, мұғалімдер рейтингісі, семинарлар, шығармашылық есептер, көрмелер, байқаулар, жарыстар, дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстар.
Мұғалімдердің тәжірибелерін зерттеу және жалпылау бағыты:
Шығармашылық және өзгеріс топтары, басылымдар, әдістемелік құралдарды енгізу.