02
ақпан
2021
2021ж. ақпан айы- оқушы мен ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мәдениетін қалыптастыру мақсатында "Құқықтық білім беру" айлығы ретінде жарияланды.
2021ж. ақпан айы- оқушы мен ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мәдениетін қалыптастыру мақсатында "Құқықтық білім беру" айлығы ретінде жарияланды. Қашықтан 1-11 сынып оқушылары және олардың ата-аналарымен айлықтың ашылу салтанаты өткізілді. "Құқықтық білім беру" айлығы кезінде өткізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырылды.Құқықтық мәдениет- жеке және жалпы жағдаятты сипаттайтын әлеуметтік құбылыс.Құқықтық мәдениет арқылы қоғамның жағдайын көреміз. Ата-аналар, балалар мен жасөспірімдер құқықтық сана-сезім, құқықтық идеология, құқықтық психология,құқықтық білім арқылы құқықтық мәдениеттің мүмкіндіктері арқылы құқық бұзушылықтың алдын алып, қоғамдық тәртіпті күшейтіп, қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттыру үшін құқықтық сауаттылықтың маңызды және мықты болуы керектігі туралы құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Тлеубердиева айтып өтті. Мектеп инспекторы, полиция аға лейтенанты М.Қалдаман адам құқықтары мен бала құқығы туралы Заңдардың баптарына тоқталып, түсінік берді. Адам құқығы- аса маңызды демократиялық құндылық, ол жеке адамның заң мойындаған және мемлекет қорғайтын еркіндігі мен құқығын жинақтайды. ҚР ӘҚБтК 127,132,133, 440,442 баптары бойынша жеке-жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізді.



