Ағылшын тілі сабағында педагогикалық инновация әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, оқушылардың тілдік – танымдық қабілеттерін дамыту жолдары » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ағылшын тілі сабағында педагогикалық инновация әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, оқушылардың тілдік – танымдық қабілеттерін дамыту жолдары
14
ақпан
2019

Ағылшын тілі сабағында педагогикалық инновация әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, оқушылардың тілдік – танымдық қабілеттерін дамыту жолдары

Оқушылардың  тілдік - танымдық қабілеттерін дамытатын, пәнге деген қызығушылығын арттыратын   инновациялық әдіс-тәсілдердің тиімділігін көрсету мақсатында « Ағылшын тілі сабағында педагогикалық инновация әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, оқушылардың тілдік – танымдық қабілеттерін дамыту жолдары»  тақырыбында Т. Рысқұлов атындағы №48   мектепте 19.02.-28.02.2019 жыл аралығында ағылшын тілі  пәні бірлестігінің онкүндігі өтті. 

Онкүндік барысында бекітілген жоспар бойынша  ұйымдастырылған іс- шаралар мен ашық сабақтар тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалану арқылы жаңартылған білім мазмұнына сай өткізілді.

Онкүндіктің жоспары алдын-ала мектеп директорына бекіттіріліп, қабырға газетіне ілу арқылы оқушылар мен ұстаздарға таныстырылды. Онкүндіктің   ашылуы  19 ақпан  күні    «English language is a world language» тақырыбы бойынша мектептің акт залында оқушылардың өнер көрсетуімен концерттік бағдарламамен басталды. Іс-шараға 3-11 -сыныптардың оқушылары қатыстырылды.  

Онкүндік  барысында   мұғалімдер  педагогикалық инновация әдіс- тәсілдерін,  яғни интерактивті тақта,  топтастыру әдісі мен  түрлі көрнекіліктер және  кестелерді тиімді пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыра түсті.

20.02.2019ж.Естаева Н. 6 «Ж» сыныбына «Weather and climate» тақырыбында  ашық сабақ өтті. Сабақта оқушылар  2  топқа бөлініп отырды. Жаңа сөздермен таныстырып, мәтінмен жұмыс жасады. Қорытындысында екі топ постер қорғады. 

21.02. күні  Абдинова  Сауле    8 «Е» сыныбында  «Tamgaly petroglyphs» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта  оқушылар  2   топқа бөлініп отырды. Оқушылар сұрақ тапсырмасын орындап болысымен тапсырмаларды  топ басшысы бағалады. Сабақта көрнекіліктерді тиімді қолданылды.Оқушылар сабаққа өте жақсы қатысып, қызыға атсалысып отырды. Оқушылар топта жұмыс жасауға дағдыланған,өз беттерінше жұмыс жасай алады. Дескрипторы дұрыс қойылған.

 21.02 күні Рысдаулет Айгүл 3 «Б» сыныбында «NASA and the Baikonur Cosmodrome» тақырыбында   ашық сабақ өтті. Ой қозғауда бейнефильм көрсетіліп, сабақтың тақырыбын ашты. Сабақта топтық жұмыс жүргізілді. Оқушыларды «Ақылды алқа» әдісі арқылы топқа бөлді. Сабақта «Интервью», «Кім жылдам» әдістерін  тиімді пайдаланды. Сабақта көрнекіліктер тиімді  қолданылды. 

23.02 күні Орынбаева Ардақ «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері түгел қатысып, «Мозайка» әдісі арқылы екі топқа бөлінді. Шеберлік сыныпта жаңартылған білім беру мазмұны бойынша тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануды өз тәжірибесімен бөлісті. Мұғалімдер «Блум таксономиясы», «Фрайэр», «Фишбоун», «Аквариум», «Крокодил» әдістерін өздері қолданып, қорғап шықты. Кері байланыс жазып, өз ойларымен бөлісті.

  25. 02 күні   Ауелбекова Шолпан   8«Б»  сыныбында   «Famous trаvelers» тақырыбында сабақ өткізді. Оқушылар «Мозайка» әдісі арқылы екі топқа топтастырылды. Сабақ тақырыбын ашу мақсатында топ басшылары атақты саяхатшыларды екінші топқа таныстырды. «Фрайэр» әдісін тиімді пайдаланды. Білім алушылар кері байланысты шынайы бере алды. 

25.02 күні Қожанбердиева Айдана 2 «Б» сыныбында «Food and drinks»тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушылар екі топқа бөлінді. Көрнекіліктерді тиімді пайдаланды. I like/don’t like құрылымын түсіндіріп, оқушылар сөйлемде қолдана білді.

25.02. күні Сулейменкулова Эльвира «London» тақырыбында 4 «Д» сыныбына ашық сабақ өткізді. Жоспар құрылымы жақсы құрылып, мақсатына жетті. Сабақта «Сәйкестендіру» әдісін  тиімді пайдаланды. 

26.02. күні 1 «Ж» сыныбына  «Story time» тақырыбында Жақсылық Фариза ашық сабақ өткізді. Сабағында оқушылар екі топқа бөлінді. Білім алушылар жаңа сөздермен, ертегі кейіпкерлерімен   танысты. 

26.02. күні Нұрбай Назима 3 «Ж» сыныбына  «Marco Polo» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушылар өткен шақты түсініп, мысал келтіре алды. Жаңа сөздермен танысып, мәтінмен жұмыс жасады. «Интервью» әдісін тиімді пайдаланды. Білім алушылар сабақты толығымен меңгерді. Қалыптастырушы бағалау әр тапсырмада жүргізіліп отырды. 

28.02 күні Раушанова Айгерим 1 «А» сыныбына  «Story time» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар жаңа сөздерді меңгеріп, ертегімен танысты. 

  Онкүндіктепән мұғалімдері педогогикалық-инновация әдіс-тәсілдерінің тиімділігін  көрсете   білді, тиімді әдіс-тәсілдерді өз тәжірибелерінде қолданды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив