Білім мазмұнын жаңарту аясындағы тарих сабағында оқытудың мазмұны мен сапасын арттырудың тиімді жолдарын қолдану, коммуникативтік және зерттеу дағдыларын дамыту » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Білім мазмұнын жаңарту аясындағы тарих сабағында оқытудың мазмұны мен сапасын арттырудың тиімді жолдарын қолдану, коммуникативтік және зерттеу дағдыларын дамыту
26
желтоқсан
2018

Білім мазмұнын жаңарту аясындағы тарих сабағында оқытудың мазмұны мен сапасын арттырудың тиімді жолдарын қолдану, коммуникативтік және зерттеу дағдыларын дамыту

      Жаңартылған білім  мазмұны жағдайында  оқыту   сапасын арттырудың тиімді әдістерін қолдану арқылы білім алушылардың бойында  жалпы адамзаттық, ұлттық және жалпы адами  құндылықтарды қалыптастыру, ойлау, коммуникативтік және зерттеу дағдыларын дамыту мақсатында «Білім мазмұнын жаңарту аясындағы тарих сабағында   оқытудың  мазмұны мен сапасын арттырудың тиімді жолдарын қолдану, коммуникативтік және зерттеу дағдыларын дамыту» тақырыбында19.12 -28.12.2018 ж. аралығында тарих пән бірлестігінің онкүндігі өтті.

   Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министірінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі  №115 бұйрығымен бекітілген 9,10,11- сыныптар Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы пәнінен оқу бағдарламасына сай  жасалынған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының   2017 жылғы «25» қазандағы №545 бұйрығымен бекітілген.  Негізгі орта білім беру деңгейінің  5-8-сыныптарына арналған Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы пәнінен жаңартылған мазмұндағы  оқу бағдарламасына сай жасалған.Дарынды және үлгермеуші оқушылармен жұмыс жоспарлары жасалынып, жүйелі жұмыс жүргізілуде.ҰБТ,ОЖСБ жоспары жасалынған, оқушы дәптерлері арналып, тақырыптық тест жұмыстары жинақталған. Апталық кезінде өткізілген іс-шаралар БАҚ беттеріне жарияланды. Т.Рысқұловтың туылған күніне орай өткізілген іс-шара «Білім шуағы» газетінде «Тау тұлғалы Тұрар» тақырыбында мақала жарияланды.

     Қазақстан тарихы пәнінен өткен Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадаға 7 «Е» сынып оқушысы Райымқұл Жансерік қатысып, жүлделі  I дәрежелі дипломмен марапатталды. Пән мұғалімі Малдыбаева Индира. Республикалық «Мұрагер» интеллектуалды білім порталы байқауына қатысып, жүлделі  I дәрежелі дипломмен 9 «А» сынып оқушылары Асқар Диас, Аманкелді Ақмерей марапатталды. Пән мұғалімдері: Саменбаева Ләйлә, Кариева Гүлнар алғыс хатпен марапатталды. Азбергенов Асылхан желтоқсан айында өткізілген республикалық КИО олимпиадасына қатысып, жүлделі  I дәрежелі дипломмен марапатталды. Жалпы тарих бірлестігінің құжаттары мен жұмыстары онкүндік аясында жүйелі деп анықталды.

    Апталық барысында  ұйымдастырылған  іс-шаралар, ашық сабақтар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өткізілді.

  Онкүндіктің жоспары  бекітіліп, оқушылар мен ұстаздарға таныстырылды. Жоспар бойынша іс-шаралар толық жүзеге асырылды.

      Тарих бірлестігінің онкүндік іс-шарасының ашылу салтанаты «Тарих-өткенге сабақ, келешекке- өнеге» тақырыбында сахналық кеш ұйымдастырылуымен басталды. 

    20.12.2018   күні   6 «Ж»  сыныбында Қазақстан тарихы  пәнінен «Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті» тақырыбында Тлеубекова Жазира  ашық сабақ өтті. Сабақта  оқушылар   4  топқа бөлінді. Сабақ барысында оқушыларға қалыптастырушы тапсырмалар арқылы топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлері жүргізілді. Әрбір берілген тапсырмаларға бағалау критерийі, дескрипторлар беріліп отырды. Сабақта қосымша ресурстарды тиімді пайдаланды. Оқушылар сабаққа өте жақсы қатысып, қызыға атсалысып отырды. Сабақ шынайы болды, өмірмен байланысты өтті. Оқушылар топта жұмыс жасауға дағдыланған, өз беттерінше жұмыс жасай алады. Қалай оқу керектігін біледі. Сабақта зерттеушілік әңгіме көбірек қолданылды.

     21.12.2018 күні 9 «Г» сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен «Ұлы Отан соғысы» тақырыбында Саменбаева Ләйлә  ашық сабақ өтті. Оқушылар алдыңғы сабақтағы тапсырмалардың  орындалуы бойынша топқа бөлінген. Бағалау парағы жүйелі дайындалған. Сабақта оқушылар  берілген тапсырмалармен жұмыс жасай отырып, өздерін және өзара бағалауды жүргізіп отырды. Рим империясының қоғамдық құрылысы схемасы тиімді қолданылды.Оқушылар сабаққа өте жақсы қатысып, қызыға атсалысып отырды. Сабақ шынайы өмірмен байланысты өтті. Оқушылар топта жұмыс жасауға дағдыланған, өз беттерінше жұмыс жасай алады. Сабақта зерттеушілік әңгіме көбірек қолданылды.

21.12.2018  күні 9 «А» сыныбында  Дінтану пәнінен   «Ислам: діни ілімнің негіздері,тарихы,тәжірибесі және таралу өңірлері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Малдыбаева И.І. жоғарғы санатты ұстаз. Сабақ ынтымақтастық атмосферасымен құрылды. Оқушыларға конверттегі сұрақтар беріліп, өтілген тақырып сұралды. Ой қозғауда бейнефильм көрсетілді. Шығармашылық тапсырмалар берілді. Бағалау критерийлерімен оқушылар бағалап отырды. Оқушылар сұрақ тапсырмасын орындап болысымен жауаптарды, топ басшысы бағалап өтті.  Постер қорғау кезінде мұғалім тарапынан әр топқа көмектер көрсетіліп отырды.Сабақ соңында оқушылар білімдеріне сай бағаланды. Ұсыныс:Әдістерді пайдалануда уақыт өлшеніп, нақты белгіленсе, сабақ уақытында аяқталады.

     21.12.2018   күні  8  «Г» сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен «Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық күрес неліктен жалпы ұлттық сипатқа ие болды?» тақырыбында Кариева Гүльнара  ашық сабақ өтті.  Сабақ АКТ, бейне көріністердің көмегімен өткізілді. Оқушылар сәлемдесіп, тізім бойынша түгенделді, сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасты. «Болжау» әдісімен сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын анықтау арқылы оқушылардың қызығушылығын оятты.  Қалыптастырушы тапсырмалар жеке жұмыс орындату барысында Кенесары ханның портретіне мінездеме жасалып, бейнематериалмен  топтық жұмыс көрсетті. Жұптық жұмыста картамен, мәтінмен жұмыста оқушылар белсенділік танытып отырды. Оқушылар өз ойларын толықтырып кері байланыс беріліп, мұғалім тараптынан формативті бағалау жүргізіліп отырды. Әр тапсырмалар берілгенде  дескрипторлармен толықтырылды. Мұғалім оқу мақсатына жетіп,  оқушы жаңа тақырыпты толық игерді. 

    20.12.2018   күні  5  «Е»  сыныбында Қазақстан тарихы  пәнінен «Есік обасынан табылған «Алтын  адам» кім болды?» тақырыбында Азбергенов Асылхан  ашық сабақ өтті. Сабақта  оқушылар   4  топқа бөлінді. Сабақ барысында оқушыларға қалыптастырушы тапсырмалар арқылы топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлері жүргізілді. Әрбір берілген тапсырмаларға бағалау критерийі, дескрипторлар беріліп отырды. Сабақта қосымша ресурстарды тиімді пайдаланды. Оқушылар сабаққа өте жақсы қатысып, қызыға атсалысып отырды. Сабақ шынайы болды, өмірмен байланысты өтті. Оқушылар топта жұмыс жасауға дағдыланған, өз беттерінше жұмыс жасай алады. 

         Апталыққа бірлестіктің барлық мұғалімдер белсенді қатысты. Апталықта өткізілген сабақтардың барлығы «жақсы» деп бағаланды. 

      Онкүндікте таңдау пәндері мен қолданбалы курстардың  дұрыс жүргізілуі тексерілді.      

        Таңдау пәндерінен сабақ беретін мұғалімдер: Дінтану пәнінен Малдыбаева Индираның барлық жұмыстары талапқа сай. Мәңгілік ел пәнінен сабақ беретін мұғалімдердің   жұмыстары жүйелі, талапқа сай.

         Апталықты қорытындылау кезеңінде тарих бірлестігі ұйымдастыруымен акт залында   көрнекті мемлекет қайраткері, қазақтың ел бастаған саяси серкелерінің бірі – Тұрар Рысқұловтың туған күніне орай, «Тау тұлғалы Тұрар» атты кездесу-кеші  ұйымдастырылды.Тұрар ескерткішіне гүл шоғы қойылып, мектеп директоры Айжан Ақтілеуқызы сөз сөйледі, Кездесу-кешінің  қонағы, мектебіміздің  зейнеткері, бұрынғы басшысы, Қазақстан Республикасының озық қызметкері, Еңбек ардагері  медальінің иегері Ұлбала Баялышқызы мектебіміздің қазақ ұлттық мектебі болып ашылуына және Т.Рысқұлов атының берілуіне қосқан ерен еңбегі бар мектеп басшысы болған ұстаз.Тұрар Рысқұловтың адами, азаматтық, түркі халықтарының туысқандық бірлігін көксеген саяси жолы, өмір жолы туралы барынша айтып жеткізіп, сөз сөйледі. Одан әрі кеш барысында мектеп оқушылары Тұрар өмірі мен қызметінің тарихи тізбесін айтып, арнаулар мен өлең жолдары мәнерлеп оқылды. Еске алу мақсатында тәрбиелік мәні жоғары сахналық қойылым көрсетілді.

         Өткізілген іс-шараға 5,8,10-сынып оқушылары белсенді қатысты. Өткізілген іс-шара тарихи мағынасы жағынан өте жоғары деңгейде өтті.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив