Нормативтік құжаттар. Жұмыстық оқу жоспары » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Нормативтік құжаттар. Жұмыстық оқу жоспары
03
қыркүйек
2018

Нормативтік құжаттар. Жұмыстық оқу жоспары

Т.Рысқұлов атындағы  № 48 орта   мектебінің жұмыстық  оқу  жоспары 2018-2019 оқу  жылында келесі құжаттар негізінде  жүзеге асырылады:

1. Мектепалды даярлық сыныптарында: ҚР Үкіметінің   2016 жылғы 13 мамырдағы  № 292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі   тәрбие мен оқытудың  мемлекеттік  жалпыға міндетті стандарты; 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;   

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары басшылыққа алынды. 

2. 1-3 сыныптарда білім беру процесі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік  жалпыға   міндетті  стандарты; 

Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің  2016 жылғы   15 шілдедегі №453 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің  үлгілік оқу жоспарлары;    

Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 сәуір  №266 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы  білім беретін пәндерінің үлгілік оқу  бағдарламалары; 

Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім беру жалпы білім беретін пәндерінің Үлгілік оқу бағдарламалары;   

3. 4, 9, 10-11 сыныптарда білім беру процесі: Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен  бекітілген  Орта   білім берудің  (бастауыш, негізгі орта, жалпы  орта  білім беру) мемлекеттік жалпыға  міндетті   стандарты;

«Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы  8 қарашадағы   № 500  бұйрығына  өзгерістер енгізу туралы»  ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі  №296 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы  орта  білім берудің   үлгілік оқу  жоспарлары; 

 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы  №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің ҚР Білім және ғылым министрінің  2014 жылғы 25 ақпандағы  № 61 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы  орта  білім берудің   үлгілік оқу  жоспарлары; 

 «Қазақстан Республикасы  Білім  және   ғылым  министрінің 2013 жылғы  3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым  министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу  бағдарламалары негізінде  жүзеге асырылады.

5-8 сыныптарда білім беру процесі:

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

 Қазақстан Республикасы Білім және  ғылым  министрінің   2016 жылғы  23қарашадағы №668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің  үлгілік оқу бағдарламалары;

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 8қарашадағы   №500 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 шілдедегі  №432 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 18 тамыздағы №422 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің  үлгілік оқу жоспарлары; 

«Өзін-өзі тану» пәнін оқыту «Адамның үйлесімді дамуы» институты (Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО) дайындаған, ҚР Білім және ғылым министрінің  2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. 

«Өмір қауіпсіздігінің  негіздері» оқу курсының мазмұны 2-4 сыныптарда «Дүниетану» оқу курсының аясында жүзеге асырылады. 2-3 сыныптарда жылдық оқу жүктемесі - 6 сағат, 4-сыныпта 10 сағат көлемінде бастауыш сынып мұғалімдері жүргізеді. 5-9 сыныптарда «Дене шынықтыру» оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық  оқу  жүктемесімен дене шынықтыру  мұғалімінің оқытуымен  іске асырылады, 10-11 сыныптарда «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында 25 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге асырады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі.

Жұмыстық оқу жоспарының вариативті бөлігінің сағаттары білім алушылардың білімге деген  қажеттілігі мен бейімділігін ескере отырып  алынған оқу пәндері мен курстарына, сондай-ақ Ы. Алтынсарин атындағы   Ұлттық білім академиясының «2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатын басшылыққа ала отырып   берілді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив