Бастауыш пән бірлестігінің онкүндігі » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бастауыш пән бірлестігінің онкүндігі
30
қаңтар
2019

Бастауыш пән бірлестігінің онкүндігі

Бастауыш  сынып бірлестігінің  онкүндік қорытындысы

2018-2019 оқу жылы

Тақырыбы:  Жаңартылған білім мазмұны - сапалы оқытудың   тиімді тәсілі

Мақсаты: Білім алушылардың  танымдық  қабілеттерін   арттыруда  жаңа  технологияны пайдаланудың  тиімді   жолдарын  көрсету.

Күтілетін нәтиже: Сабақтарында   сапалы оқытудың  тиімді тәсілдерін   пайдаланады,өзара әдіс алмасады.

Бастауыш бірлестігіндегі мұғалімдердің саны-30                мектепалды даярлықта-5

Жоғары санатты-8                                                              жоғары санатты-0

Бірінші санатты-12                                                             бірінші санатты-2

Екінші санатты-5                                                                екінші санатты-1

Санаты жоқ-5                                                                      санаты жоқ-2

        2019 жылдың  19-31 қаңтар   күндері  аралығында  бастауыш пән   бірлестігінің  онкүндігі  өткізіліп, және  осы онкүндік   барысында  пәндердің  оқытылу   деңгейі , бастауыш сынып   дәптерлерінің   жүргізілуі, оқу   бағдарламасының орындалуы , таңдау  курстарының жүргізілуі  зерделенді. Зерделеу  комиссиясы    бұйрық бойынша  тексеру жұмыстарын  жүргізді.

        Онкүндік барысында  бекітілген жоспар бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар мен ашық сабақтар тиімді әдіс-тәсілдерді  пайдалану арқылы жаңартылған  білім мазмұныныа сай өткізілді.

Бірлестіктің онкүндігінің ашылуы «Білім жолын бастаған, бастауышым –бастамам!» атты тақырыбында   ашылды. Ашылу кезінде 3 «Д» сынып оқушыларының жайдарманшылары және 4 сынып оқушыларының КТА-шылары өнерлерін ,1 сынып қыздарының «Бәрі керемет!» биін және жас ерекшеліктеріне қарай мұғалімдер топтары өз өнерлерін көрсетті.

       23.01.19ж «Ашық сабақты зерттеу» тақырыбында мектепішілік тәжірибе алмасу   семинары өтті. Зерттеуге қатысқан сыныптар 3 «Ж» сыныбы, сынып жетекшісі  А.Бейсбаева және 4 «Г» сыныбы, сынып жетекшісі А.Жақып.Семинарға облыстық педагогикалық шеберлік орталығының тренері Г.Б.Тортаева, мектеп әкімшілігі, шығармашылық топ мүшелері және мұғалімдер зерттеуге қатысты. Зерттеуге қатысатын мұғалімдер 2 топқа бөлініп, сыныптарға кірді. Арнайы нұсқау бойынша қатысушылар  сабақты зерттеп, сабақ соңында  талқылау жүргізді.

Семинар басында ПШО тренері Г.Б.Тортаева    бақылаушы ретінде қатысып, талқылауды жүргізді.

Ашық  сабақты   зерттеуге қатысушылар сабақты зерттеу үдерісіне қатысты сұрақтарына   жауап   алумен қатар  тәжірибе  жүзінде үйренді.

1-зерттелген сынып.  3 «Ж» сынып жетекшісі А.Бейсбаева  жаратылыстанудан «Топырақтың қандай қасиеті бар ?» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақты «Артық сөзді тап!»  әдіс арқылы бастады,өткен тақырыпты тест сұрақтары арқылы пысықтап,түсті   қарындаштармен өзін-өзі бағалады. «Ойлан. Бірік. Бөліс» әдісі арқылы   топырақтардың түсі неге әртүрлі екенін,құрамында қандай заттың көбірек екенін   топтарда зерттеу жүргізе отырып,талқылатты және ойларын ортаға салды.Топтар бір-бірін күлегештер арқылы бағалады. «Ұжымдық жұмыста»  зерделе әдісінде  қаратопырақ пен саздың айырмашылығын  алақанға сала отырып, қорытынды шығарды.Білім алушылар «Мен зерттеушімін» атты жұптық жұмыста біреуінде топырақ ,екіншісінде тастар салынған стакандарға аздап су құйып ,зерттеу жүргізіп, оның қорытындысын салыстыра білді және жұптық жұмысты «бағдаршам » әдісі арқылы бағалады.Сабақта дескриптор нәтижесінде қалыптастырушы бағалау   жүргізіліп отырды. Білім алушылар   сабаққа белсене қатысып,берілген тапсырмаларды аса қызығушылықпен  орындады.

    2-зерттелген  сынып.    4 «Г» сынып  жетекшісі А.Жақып  әдебиеттік оқудан «Ж.Жұмаханов.Ақ боран» тақырыбында ашық сабақ өтті.Сыныпты 3 топқа бөліп, «Сахналау» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтап, «бағдаршам» әдісі арқылы бағалады. «Не артық ?» әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашып,аудиожазбаны тыңдату  арқылы  мәтінді талдатты. Сабақ барысында «Орамдалған жіп» әдісін пайдалана отырып,сұрақтарға жауап алды және мұғалім оқушыларға кері байланыс беріп өтті және «от шашу» әдісі арқылы бағалады.

    « 0 «Г» даярлық сыныбының педагогы А.Сапарова  сауат ашу негіздерінен «Ғғ дыбысы мен әрпі .Ғарышқа сапар» тақырыбында   ашық сабақ өтті.Мотивациялық қозғаушы ретінде шаттық шеңберіне тұрып,бір-біріне тілек айтты. «Өз үйіне кіргіз» ойыны арқылы өткен дауысты ,дауыссыз дыбыстарды  пысықтай отырып,жаңа тақырыппен таныстырды.Оқу қызметі барысында топтық жұмыс жасатып,тәрбиеленушілерді  тапсырма орындау барысында жұлдызша,шаршы,үшбұрыш белгілерімен бағалап отырды.

          24 .01.2019  күні  1 «А»  сыныбында  математика пәнінен  Р.Жиеналиева «Шамалар.Уақытты бағдарлау. Минут» тақырыбында  ашық сабақ өтті.Мұғалім «Миға шабуыл» әдісі арқылы   өткен сабақты пысықтады , әр топ берілген суреттерді күн тәртібі бойынша орналастырады,суреттер бойынша  уақытты анықтап,әңгімеледі, «от шашу» әдісі арқылы бағалады.Бейнеролик көрсете отырып, сағат түрлерін көрсетті. «Сағатты анықта» тапсырмасын жұптық жұмыс ретінде орындатты  және бұл жұмысты фишка беру арқылы бағалады.

Білім алушылар  берілген тапсырмаларды  белсенді орындап, сабаққа деген ынтасы мен қызығушылықтарын көрсетті.

          24.01.19 ж  2 «А» сыныбында дүниетану пәнінен Г.Лебетова «Дұрыс тамақтана біл» тақырыбында ашық сабақ өтті. «Мозайка» әдісі арқылы  мәтінмен жұмыс жасатты.Мәтіннен оқыған ақпаратты топта бір-біріне түсіндірді, талқылады  және   «Үш шапалақ» әдісі арқылы бағалады. «Т кестесі»  арқылы білім алушылар  пайдалы   және зиянды тағамдарды ажыратты,оның дәлелдерін  айтқызды, басбармақ әдісі арқылы бағалады. Білім алушылар  топпен жұмыс жасауға дағдыланған,сабақ қызықты өтті.

         24.01.19ж 0 «А» даярлық сыныбында сөйлеуді дамытудан Г.Ембаева  «Көліктер және оның түрлері» тақырыбында ашық сабақ өтті.Тәрбиеленушілерді  «Кеме» , «Ұшақ», «Автокөлік» топтарына  бөліп , сұрақ-жауап арқылы өткенді пысықтады.Көлік түрлерін үш тілде айтып өтті.Сергіту сәтін өткізді. Топтық жұмыс барысында 1- топ кеменің суретін , 2-топ   зымыранның суретін, 3- топ   пойыздың суретін құрастырып жапсырады және жұмыстар күлегештер арқылы бағаланды. «Көліктерді орналастыр» атты дидактикалық ойынға тәрбиеленушілер аса зор белсенділікпен қатысты.Сабақ мақсатына жетті.

          24.01.19ж  3 «А» сыныбында  әдебиеттік оқудан  Б.Сатыбалды «Аққұс туралы аңыз» тақырыбында ашық сабақ өтті.Стикерлер арқылы білім алушыларды топқа бөліп, топ басшысын сайлады. «Ыстық орындық» әдісі арқылы өткенді пысықтап, «Басбармақ» әдісі арқылы бағалады. «Мозайка» әдісі арқылы  ақпарат беріп, түсіндіріп өтті.Топтық жұмыс жасата   отырып,  7 дыбыс нотасы арқылы сұрақтарға жауап алды.Оқушылар   тақырыпты  өмірмен байланыстыра  отырып,өз көзқарастарын білдіре  алды.Сынып оқушылары  топпен жұмыс жасауға  дағдыланған.

      1 «Д» сынып жетекшісі  Г.Мадимарова   сауат  ашудан «Жж дыбысы мен әрпі» тақырыбында ашық сабақ өтті.Сыныпты табиғат бөліктері бойынша топқа бөлді ( күз, қыс, көктем, жаз). «Ашық микрофон» әдісі арқылы  алдыңғы білімді  еске түсірді   ,сөздер беру  арқылы  мадақтады. «Ойлан,тап» әдісі арқылы жаңа сабаққа көпірше сала отырып, түсінік бердіТоптық жұмыс барысында 1- топ «Сөздер банкасы » ,2- топ «Жаңбыр тамшыларынан сөздер құрау», 3- топ «Мәтінді ретімен құрастыр»тапсырмаларын   орындады.Мұғалім  топта жасаған жұмыстарды  «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалап, білім алушылардың жұмысына мадақтау сөздер айтып отырды. 

     4 «Е» сынып жетекшісі  Ұ.Дүйсенова   қазақ тілінен «Көмектес септік» тақырыбында ашық сабақ өтті.Сыныпты топқа бөліп, топ басшыларын сайлады. «Сәйкестендіру» әдісі арқылы зат есімнің септелуін еске түсірді.Оқушылар септік   сұрақтары мен жалғауларын рет-ретімен қойып,сәйкестендірді ,бағалауды күлегештер арқылы жүргізді.Жаттығулар орындату барысында топтық жұмыс,жеке жұмыс, «Мозайка» әдісі   орындалып,бесбармақ ,күлегештер арқылы бағаланып отырды.Сабақ соңында  «Білім ағашына» сабақтан алған әсерлерін жазды.

        3 «Б» сынып жетекшісі  Ж.Сманова   дүниетанудан « Денсаулық және қауіпсіздік. Менің қауіпсіздігім »  тақырыбында   ашық сабақ өтті.Алдыңғы сабақты еске түсіру мақсатында «Өз орныңды тап!» әдісін қолданды.Жаңа тақырыпқа байланысты жұптық жұмысты орындатып, күлегештер арқылы  бір-бірін бағалайды.Дәптермен жұмыс барысында бейнеролик көрсетіп, соған байланысты графикалық таңбаларды дәптерлеріне салды және бағдаршам әдісі арқылы бағалады. Сабақ барысында электр құралдарының пайдасы мен зияны туралы толық   түсінік берілді және мектептің электр қызметкері  электр құралдарын қолданудың ережелерін толықтырып атып өтті.Білім алушылар сабаққа белсене қатысты.

     4 «А»   сынып жетекшісі    Ж.Тасжүрекова  «Отбасы-өмір аясы» тақырыбында  сыныптан тыс іс-шара өткізді.Іс- шараға сыныптан  6 отбасы  қатысып,2- топқа бөлінді. 1- топ « Алтын ұя » тобы, 2- топ «Шаңырақ» тобы. Осы топтарға 8 айналым бойынша  тапсырмалар беріліп, орындатылды. «Әуедегі шарлар» айналымында ата-аналарға арналған сұрақтар, «Мен айтамын,сен жалғастыр» айналымында мақалдарды жалғастырып айту , «Ата-ана өнері» айналымында  өз өнерлерін көрсету, «Айшықты  сөздер» айналымында  тұрақты сөз   тіркестерін , «Кім жылдам?» айналымында жұмбақ  жасырылып,жауаптарын  шешті.Сыныптан тыс іс-шара барысында отбасылық тәрбие құндылықтары ,шаңырақ жарастығы, сыйластығы ұғымдары кеңінен көрініс тапты.

       4 «Ж» сынып жетекшісі   А.Жаңбырбаева  «Достық қымбат өмірде »  тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Іс-шара барысында достық туралы   көріністер, достық туралы ақындардың өлеңдері, нақыл сөздер  ,достық туралы әзілді қойылымдар қойылды.Достық тақырыбында ән шырқалып, би биленді.Сыныптан тыс іс-шара барысында өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамытатын сұрақ-жауаптар алынды.

       1 «В» сынып жетекшісі  А.Көпжасарова   «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында танымдық сабақ өтті.Мақсаты: Балалардың  болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп,қызығушылықтарын арттыру. Сабақ барысында  «Сұрақ-жауап» әдісі, Мамандық туралы мағлұмат беру, «Менің ата-анамның мамандығы» (оқушылар шығармашылығы), ойын «Кім жылдам ?», ойын «Қай мамандық иесі?»  жоспары бойынша жүргізілді.Балалар әр мамандық иесі туралы толық мағлұмат алды және сол мамандық иесі болып өздері ойнады. «Сәйкестендіру» әдісі арқылы  мамандық иелерін сәйкестендірді. Танымдық сабақ барысында балалардың   болашақта таңдайтын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсініктері қалыптасты.

     1 «Г» және 1 «Е» сынып білім алушылары   арасында «Зерде» интеллектуалды ойыны өткізілді.

Ойын 5 айналымнан тұрады.

1-айналым- «Ойлы болсаң,озып көр» 10 сұрақ әдісі

2-айналым   Палиглот

3- айналым- «Пішіндер әлемі» фигуралар құрастыру

4- айналым-Қай санды қалайсың? 

5- айналым- Эстафеталық ойын (математикалық эстафета)

 Жарысқа 2 топ қатысты. «Болашақ» және «Дарын» топтары .Әр айналым бойынша  топтарға тапсырмалар беріліп, орындатылып отырды.Ойын   соңында   жеңімпаз топ  анықталып, марапатталды.

        Онкүндіктің ішінде   мұғалімдердің шеберліктерін шыңдау мақсатында бастауыш сынып мұғалімдері Ф.Назарбекова ,Г.Сапарбекова ,М.Туребекова ,Г.Құрақбаева ,С.Қалыбаева шеберлік сыныптарын өткізді.Шеберлік сыныптың мақсаты :Оқыту мен оқу сапасын арттыру үшін әдіс- тәсілдерді іс-тәжірибесінде  тиімді пайдалануға бағыттау. Оған  мектеп мұғалімдері  ,жас мамандар   қатысты.Г.Құрақбаева   «Табан іздері»,«Құлып» , «Әткеншек», «Швабра» әдісімен ,Г.Сапарбекова  «Айналмалы бекет» әдісі  оқудағы мақсатқа жету үшін тиімді екенін, тапсырманы  критерийлері мен  дескрипторлары арқылы білімдерін өздеріне талдата отырып, қалыптастырды. «Лабиринт»   ойыны арқылы мектепалды даярлық сыныбының педагогы Қалыбаева Салтанат топтарды сергітті. М.Туребекова  сабақтың тақырыбын ашуға   «Баяндама » әдісінің  тиімділігін топтық жұмыс барысында көрсетті.Ф.Назарбекова  «Шағын әңгіме  жазу» әдісінің қалай жүргізілуін, схема арқылы жоспар құру арқылы  мақсатқа жетуге  болатынын топтық жұмыс барысында дәлелдеді.Соңында шеберлік сыныпқа қатысқан   мұғалімдер кері байланыс берді.

Және де  осыдан соң Ф.Назарбекова  мұғалімдермен «Білім сапасын арттырудағы кедергілер және оны шешу жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өткізді .Семинар-тренингтен де мұғалімдер көп мағлұмат алды.

       Онкүндікке бірлестіктің барлық мұғалімдері  белсене қатысты.


«Білім жолын бастаған  ,   бастауышым-бастамам !»



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив