Информатика, физика, математика пән бірлестігінің онкүндігі » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Информатика, физика, математика пән бірлестігінің онкүндігі
27
желтоқсан
2018

Информатика, физика, математика пән бірлестігінің онкүндігі

Оқытудың инновациялық технологияларын информатика, физика, математика   сабақтарында қолданудың тиімді әдіс-тәсілдері

       Оқушылардың танымдық қабілеттерін қалыптастыруда жаңа технологияны пайдаланудың тиімді жолдарымен танысу,әдіс алмасу мақсатында “Оқытудың инновациялық технологияларын информатика, физика, математика  сабақтарында қолданудың тиімді әдіс-тәсілдері” тақырыбында  04.12 – 14.12 ж. аралығында информатика, физика, математика пән бірлестігінің онкүндігі өтті. 

  Онкүндік барысында бекітілген жоспар бойынша  ұйымдастырылған іс- шаралар мен ашық сабақтар тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалану арқылы жаңартылған білім мазмұнына сай өткізілді. 

         Онкүндіктің ашылуы 4 желтоқсан күні бірлестік мүшелерінің қатысуымен өткізілген дөңгелек үстелмен басталды. Бірлестіктің жұмыс жоспарының орындалуы және құжаттары, пән мұғалімдерінің жеке іс-қағаздары, бөлім бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау  тапсырмаларының талапқа сай орындалуы тексерілді.Сонымен қатар,білім алушылардың жұмыс дәптерлері және                  9-11 - сынып білім алушылардың жазба жұмыстары (бақылау жұмыстары), 5-11 сыныптардағы оқу бағдарламасының орындалуы тексерілді.Электронды журналға толтырылуы, сәйкестігі қаралды.          5-сыныптардағы «Логикалық математика», 6-сыныптардағы «Математикалық логика»,                                      8- сыныптардағы «Физика ағылшын» таңдау пәндерінің, 10-сыныптардағы « Теңдеу мен теңсіздік», «Функция және оның қасиеттері», «Физика және эксперимент», «Физикадан есептер шығару практикумы», «Физика және Қазақстан энергетикасы», 11-сыныптардағы «Теңдеу және теңсіздік», «Интегралдық есептеу», «Функционалдық сауаттылық» қолданбалы курсының өтілу барысы   бақыланды.. 9,11-сыныптар бойынша ОЖСБ және 11-сыныптар бойынша қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстарының жүргізілу барысы зерделеніп, тексерілді. Пән мұғалімдерінің жұмыс жоспары жүйелі.Оқушылардың дайындық жұмыстары тақырыптық тестермен жүргізіледі. Білім сапасын көтеру мақсатында оқушылармен жүргізіліп отырған жұмыстың барысы, уәжі төмен білім алушылармен жүргізілген жұмыс түрлері қаралды. Математика және физика пәнінен  уәжі төмен   білім алушылар анықталып, мұғалімдер қосымша жұмыстар жүргізген. Білім деңгейі «3 пен 4-тің» арасындағы білім алушылардың білім сапасы арттыру мақсатында пән мұғалімдері бақылау парағын арнаған. Сондай–ақ, дарынды білім алушылармен бір жылдық жұмыс жоспары жасалған, жұмыстар жүргізілуде. Жумадуллаев Алмат, 11-сынып оқушысымен жүргізілген пән мұғалімі Сатылғанова Күлайханның жеке жұмыстарының нәтижесінде, атап айтсақ, физика пәнінен 3 жыл көлемінде түрлі эксперименттік жұмыстар жүргізіп,пән олимпиадаларына дайындап, 2 жыл қалалық олимпиададан жүлделі орынға ие болып, қазіргі күні оқушының мамандық таңдауына үлкен үлесін қосып отыр.                  Пән мұғалімі Сарсенова Айжамал тек қана дарынды оқушыларды шыңдаумен ғана шектеліп қалмай,                         11 «А» сынып оқушысы Тұрмаханов Баддаулеттің білімге деген құштарлығын оятып, мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру жұмыстарының нәтижесінде оқушысы қала, облыс көлемінде мамандық таңдау бойынша жүлделі орынға ие болып отыр. Алдағы уақытта оқушының мақсаты ұстаз болып, еліне адал қызмет ету. Сынып жетекшісі, әрі пән мұғалімі  Әбішбаева Қарлығаш оқушысы Райымқұл Мейіржанның пәнге деген қызығушылығын арттырып, жан-жақты қашықтық олимпиадаларға қатыстырып, оқушысының ынта-жігерін дамытты. Нәтижесінде білім алушының қоғамдық жұмыстарға белсенділігі артып, жақсы жағынан көзге түсіп, бүгінгі күні «Өзін-өзі басқару» ұйымының «ВИЦЕ-МИНИСТРІ» болып сайланып, түрлі жұмыстар атқарып жүр.                                    

       Желтоқсан айының 5 күні мәжіліс залында бірлестік жетекшісі Ә.Умбеталиева және Қ.Әбішбаеваның ұйымдастырумен білім алушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, логикалық ойлауын кеңейту, өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру мақсатында «Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ!» тақырыбында әдеби – сазды кеш өтті. Кеш барысында  оқушылар математика,физика, информатика  туралы өлеңдер оқып, әндер шырқалып, тәуелсіз ел болашағының білімді ұрпақпен байланысты екенін өз өнерлері арқылы көрсетті. Кеш жоғары деңгейде өтті.

         Онкүндік барысында мұғалімдер жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жаңа технологияның әдіс тәсілдері арқылы білім алушылардың танымдық қабілеттерін қалыптастыра отырып,білім алушылардың пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыра түсті.

        06.12.18 күні 11- сынып білім алушылар арасында білім сапасын арттыру мақсатына бағытталған  білім алушылармен А.Сарсенова  «Тапқырлар сайысы» тақырыбында сыныптан тыс жұмыс өтті.  3 кезең бойынша білім алушылар берілген тапсырмаларды белсенді   орындап, сабаққа деген ынтасы мен аса жоғары қызығушылығын көрсетті. Сабақта оқушылар өз ойларын еркін жеткізді.Әр кезең сайын белсенді білім алушыларды бағалап отырды.Нәтижесінде білім алушылар өз білімін өзгелермен салыстыра отырып, өзін  қай деңгейде екен дәлелдеді. Қ.Тұрсыналы,                               Ә. Ескермес,   Д.Әлібек сабақ барысында жақсы қырынан көрсете білді.

         06.12.18 күні 6 «Д» сыныбында  математика пәнінен М.Натенова «Мәтінді есептер шығару»  тақырыбында ашық сабақ өтті. Мұғалім сыныпты үш топқа бөліп, «Көршіңді тексер» әдісі бойынша үй тапсырмасын тексерілді.Білім алушылар «Ой қозғау» стратегиясы арқылы сұрақтарға жауап берді. Мұғалім сабақта  оқушыларды «Бағдаршам» тәсілі арқылы бағалап, мадақтау сөздерді әрбір тапсырма кезеңінде қолданып отырды. Сергіту сәтінде бейнебаян арқылы білім алушылардың қызықты сәттерін интерактивті тақтада көрсетті.Тиімді әдіс- тәсілдерді, көрнекіліктерді пайдаланып,  сабақты өмірмен байланыстырып өтті.

       10.12.18 күні 7«Е» сыныбында физика пәнінен «Үйкеліс күшін техникада ескеру» тақырыбында Сатылғанова Күлайхан ашық сабақ өтті. Сынып «Кімге қандай сурет ұнайды» әдісі арқылы үш топқа бөлінді. «Ой қозғау» әдісі арқылы ағылшынша сұрақ -жауап берілді.   «Ойлан, жұптас,талқыла» әдісі бойынша топтық жұмыс орындалды. «Досыңа көмектес» әдісі бойынша жұптық жұмыс арқылы есептер шығарылды.Сергіту сәтінде «Сөздік» ойын арқылы термин сөздермен жұмыс жасалынды. «Сұрақтар ілмегі» әдісі арқылы сабағы бекітілді.Сабақ соңында тиімді кері байланыс орната білді.

      11.12.18 күні 5 «Ж» сыныбында математика пәнінен «Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту.Өзара кері сандар» тақырыбында Ж.Әскербекова ашық сабақ өтті. Алдыңғы сабақты еске түсіру мақсатында «Иә, жоқ»  әдісі арқылы үш топқа сұрақтар берілді. «Білім ағашына» бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазды.

      11.12.18 күні Ә.Умбеталиева мен Қ.Әбішбаеваның ұйымдастырумен 5-6-шы сыныптар арасында математика пәнінен кіші мектепшілік олимпиада өтті. Олимпиада өткізудің мақсаты: білім алушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына,өзіндік ой – пікірлерін жазба жұмыстарында тұжырымдап жеткізе білуге үйрету. Жеңімпаздар   апталықтың қорытынды іс-шарасында марапатталды.  

  12.12.18 күні 5 «Е» сыныбында  математика пәнінен А.Пернебаева «Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту» тақырыбында ашық сабақ өтті. Шаттық шеңбер құрып әр елдің сәлемдесу дәстүрі айтылды,білім алушылар тақырыпқа байланысты үш топқа бөлінді.Топтық жұмыста есептің жауабы І топта 16, ІІ топта 12, ІІІ топта 18 деген сандар шықты,яғни 16.12.18 жыл «Тәуелсіздік» күні екенін айтып өтілді. «Шырша безендіру» әдісі арқылы деңгейлік тапсырма орындалды.Сабақ барысында топтық,жұптық,жеке жұмыстар болды. Сергіту сәтіне мұғалім қызықты логикалық сұрақтар қойылды. Кері байланыс сұрақ-жауап арқылы жүргізілді. 

      12.12.18 күні 8 «Г» сыныбында математика пәнінен «Квадрат үшмүше» тақырыбында Ж.Алдатаева ашық сабақ өтті. Сынып түстер арқылы топқа бөлініп, топтық тапсырмалар орындады. «Ой картасы», «Жалғасын тап» тәсілдері арқылы жұптық және жеке жұмыс орындалды. Сабаққа оқушылар белсенді қатысып, берілген тапсырмаларды аса қызығушылықпен орындай білді. Сынып оқушылары топпен жұмыс жасауға дағдыланған, өз беттерінше жұмыс жасай алады.Сабақ қызықты өтті. 

      12.12.18 күні 8«В»сыныбында физика пәнінен А.Қуанышева  «Кулон заңына есептер шығару»   тақырыбында ашық сабақ өтті.Оқушылар үш топқа бөлінді. «Миға шабуыл» әдісі арқылы үй тапсырмасын еске түсірілді. «Доп беру»әдісі арқылы физикалық термин сөздерді ағылшын және қазақша тілде айтылды..Сабақта дескриптор нәтижесінде қалыптастырушы бағалау жүргізілді. Сабақты қорытындылауда «Сыңарыңды тап» әдісі бойынша анықтама айту, формуланы табу арқылы жұптарын таба білді.Оқушылар өз ойларын еркін жеткізе алды.

       12.12.18 күні 6 «Ж» сыныбында информатика пәнінен Е.Зәкен  «Расторлық және векторлық бейнелерді салыстыру» тақырыбында ашық сабақ өтті.Сынып 2 топқа бөлініп, түрлі тапсырмаларды орындады. Мұғалім топта жасаған жұмыстарды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалап,  оқушы жұмысына мадақтау сөздер айтып  отырды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты.

13.12.18күні  5 «Г» сыныбында информатика пәнінен Д.Құрманалиева  «Расторлық кескіндерді құру және өңдеу» тақырыбында ашық сабақ өтті.Сынып 2 топқа бөлініп, түрлі тапсырмаларды орындады. Мұғалім топта жасаған жұмыстарды мадақтама сөздер арқылы бағалап,  оқушы жұмысына мадақтау сөздер айтып  отырды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Мұғалім сабаққа барлық оқушыларды қамтып, топтық, жұптық  жұмыстар мен деңгейлік тапсырмалар орындатты.

     13.12.18 күні 8 «Б» сыныбында физика пәнінен Ж.Елен «Электр өрісі,электр өрісінің кернеулігіне есептер шығару» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сынып «Жылы лебіз» ойсергек әдісі арқылы үш топқа бөлінді. «Ассоциация» әдісі арқылы үй тапсырмасы тексерілді.Bilimland kz.сайытынан видеоролик көрсетілді. «Кластер» әдісімен постер қорғалды. «Тапқырлық таныт» әдісі жұптық жұмыс арқылы есептер шығарылды,бірін бірі бағалады. Сабақ соңында тиімді кері байланыс орната білді.

     14.12.18 күні 5 «В» сыныбында математика пәнінен Қ.Жылысбеава  «Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту» тақырыбында ашық сабақ өтті.Оқушылар үш топқа бөлінді. «Күлегештер күледі» әдісі арқылы оқушылар бірнеше сұрақтарға жауап берді.Сергіту сәтінде «Көз гимнастика» әдісі орындалды.Сабақта дескриптор нәтижесінде қалыптастырушы бағалау,топтық,жұптық жұмыстар жүргізілді. Сабақ соңында тиімді кері байланыс орната білді

         Апталық барысында А.Сарсенова,К.Сатылғанова,Ж.Алдатаева,М.Натенова,А.Пернебаеваның  сабақтары өте жақсы,Қ.Жылысбаева,А.Қуанышева,Ж.Елен,Ж.Әскербекова,Д.Құрманалиева,Е.Зәкеннің сабақтары жақсы деп бағаланды.

         14.12.18 күні мектептің мәжіліс залында онкүндіктің қорытындысы өтті. Кеш соңында апталыққа белсене қатысқан оқушылар және кіші мектепішілік математикалық олимпиадасының жеңімпаздары дипломдармен  марапатталды.

                  Онкүндікке бірлестіктің барлық мұғалімдері белсене қатысты. Қорытынды отырыс директордың ғылыми – әдістемелік ісі  жөніндегі орынбасары С.Шаршыбаеваның қатысуымен өтті. Онкүндіктің жұмысы өте жақсы деп бағаланды.Үздік деп танылған А.Сарсенова,Ж.Алдатаева,К.Сатылғанова, М.Натенова,А.Пернебаеваның сабақтары БАҚ жариялануға берілсін деген ұсыныс айтылды.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив