Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жаратылыстану пәндерін үш тілде оқытудың тиімді жолдары » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жаратылыстану пәндерін үш тілде оқытудың тиімді жолдары
05
наурыз
2019

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жаратылыстану пәндерін үш тілде оқытудың тиімді жолдары

  Әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігінен  орын алуымызға мүмкіндік беретін басты қадамның  бірі — үш тілді білім беру.Бұған   Елбасымыздың

 « Үш тілді білу - бұл жаһанданған әлемге жолдама, әлемдік білім беру және білім алу кеңістігінде бәсекеге барынша қабілетті болудың  тиімді  жолдарының  бірі – әрбір  қазақстандық кемінде 3-4 тіл білуі» деген сөзі дәлел.Сондықтан үш тілде білім беру   Қазақстандағы қазіргі білім берудің маңызды бөлігіне  айналды.

Осы  орайда мектебімізде  қала   көлемінде  5.03.2019 жылы   «Жаңартылған   білім  беру  мазмұны   аясында   жаратылыстану пәндерін  үш   тілде  оқытудың  тиімді   жолдары»  атты   қалалық   семинар-практикум  өтті. Семинарды  мектеп  директоры А.А.Абдешова  ашып,    тақырыбымен, мақсатымен   таныстырып  өтті. Өз сөзінде А1 деңгейін  4 мұғалім, А2 деңгейін  1   мұғалім, В 1 деңгейін  2 мұғалім, В 2 деңгейін  2 мұғалім, С1 деңгейін  2 мұғалім, барлығы  11 мұғалім    ағылшын тілі курсын  бітіріп  келіп, CLIL технологиясы бойынша ағылшын тілімен кіріктіріп сабақ беріп   жатқандығына  тоқталды. 

ДӘІЖО   С.Шаршыбаева   үш тілді  білім  берудің маңыздылығына,мектепте үш тілді  білім   беруге  қатысты  жүргізіліп   жатқан  іс-шаралар туралы ақпарат берді.Тәжірибе  алмасуға  келген   қонақтарға, семинарға    қатысушыларға  сәттілік  тіледі. 

Сондай ақ   мектеп  психологтары Ж.Қарамырзаева мен Г.Тастемирова және   ағылшын  пәні  мұғалімі Н.Нұрбайдың  үш   тілде  тренинг  жүргізумен   жалғасты. 

Жаратылыстану   бағытындағы   пәндерді   оқытуда   CLIL әдісін  қолданудың  тиімді   жолдарын   көрсету  мақсатында   8 сыныптарда   ашық  сабақтар   берілді.

   8 «Г»  сыныбында   информатика  пәнінің  мұғалімі    А.Силханова  «Microsoft Excel  бағдарламасында   практикалық   жұмыстар»  тақырыбында  ашық   сабақ  өткізді.Мұғалім  сабағын «True» and «False» әдісін  Bilim Land арқылы техника қауіпсіздігін қайталауданбастады..Оқушылар   практикалық  жұмыстар  барысында электронды кестені қолдана отырып  есептерді шешуде кіріктірілген функциялар мен мәліметтердің әр түрлі типі мен форматын қолданып, кестеде берілген функцияның графигін тұрғызды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив