«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жаратылыстану пәндерін үш тілде оқытудың тиімді жолдары» қалалық семинар-практикум
«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жаратылыстану пәндерін үш тілде оқытудың тиімді жолдары» қалалық семинар-практикум
Елбасымыз көздеген әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігінен орын алуымызға мүмкіндік беретін басты негіздерінің бірі — үш тілді білім беру.Бұған елбасының « Үш тілді білу - бұл жаһанданған әлемге жолдама» деген сөзі дәлел.Әлемдік білім беру және білім алу кеңістігінде бәсекеге барынша қабілетті болудың тиімді жолдарының бірі – әрбір қазақстандық кемінде 3-4 тіл білуі деп елбасымыз атап өткен болатын. Сондықтан үш тұғырлы тілде білім беру Қазақстандағы қазіргі білім берудің маңызды бөлігіне айналды.
Осы орайда мектебімізде қала көлемінде «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жаратылыстану пәндерін үш тілде оқытудың тиімді жолдары» атты қалалық семинар-практикум өтті. Семинарды мектеп директоры А.А.Абдешова ашып, тақырыбымен, мақсатымен таныстырып өтті. Өз сөзінде А1 деңгейін 4 мұғалім, А2 деңгейін 1 мұғалім, В 1 деңгейін 2 мұғалім, В 2 деңгейін 2 мұғалім, С1 деңгейін 2 мұғалім, барлығы 11 мұғалім ағылшын тілі курсын бітіріп келіп, CLIL технологиясы бойынша ағылшын тілімен кіріктіріп сабақ беріп жатқандығына тоқталды.
ДӘІЖО С.Шаршыбаева үш тілді білім берудің маңыздылығына,мектепте үш тілді білім беруге қатысты жүргізіліп жатқан іс-шараларға тоқталып өтті.. Тәжірибе алмасуға келген қонақтарға, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.


Сондай ақ мектеп психологтары Ж.Қарамырзаева мен Г.Тастемирова және ағылшын пәні мұғалімі Н.Нұрбайдың үш тілде тренинг жүргізумен жалғасты.


Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытуда CLIL әдісін қолданудың тиімді жолдарын көрсету мақсатында 8 сыныптарда ашық сабақтар берілді.
8 «Г» сыныбында информатика пәнінің мұғалімі А.Силханова «Microsoft Excel бағдарламасында практикалық жұмыстар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Мұғалім сабағын «True» and «False» әдісін Bilim Land арқылы техника қауіпсіздігін қайталаудан бастады..Оқушылар практикалық жұмыстар барысында электронды кестені қолдана отырып есептерді шешуде кіріктірілген функциялар мен мәліметтердің әр түрлі типі мен форматын қолданып, кестеде берілген функцияның графигін тұрғызды.



«Шыбын өлтіру» әдісі арқылы термин сөздерді табуды оқушылар қызыға орындады. Сабақты қорытындылау мақсатында компьютерде Google Forms арқылы тест (Quiz ) тапсырмаларын орындап,. Google Forms арқылы кері байланыс жазды. Оқушылардың кері байланысынан сабақтың қызықты, тиімді өткені байқалды.
8«В» сыныбында физика пәнінің мұғалімі А.Қуанышева «Praktik tasks on the topic electric current» тақырыбында ашық сабақ өткізді.. «Match the formula», « Of this picture and explain», «Let’s work on tasks», «Chain quiz» тапсырмаларын орындау арқылы өткен тарауды толық меңгергендерін байқатты.Электр тогы тарауында кездесетін барлық заңдылықтар мен формулалардың мағынасын түсініп,электр схемаларын ажырата алды.Есептер шығаруда Ом заңын,электр тогы қуатын,Джоуль-Ленц заңын, меншікті кедергіні ескере отырып анықтауды жетік меңгерді.Топ мүшелері бірлесіп жұмыс жасай отырып, ынтымақтасқан ортаны құра білді,бір-бірін сыйлап, жауапкершілікті сезініп,пәнге қызығушылығы артты. Мұғалім уақытты тиімді пайдалана білді.Оқушылар физикалық терминдерді,формулаларды,өлшем бірліктерді ережелерді, электр схемасын,есептің шығарылу жолын ағылшын тілінде оқуға,жазуға, ауызша түсіндіруге машықтанған.Сабақтың сәтті тұстары айтарлықтай көп болды.Электр тогы тарауында кездесетін негізгі формулаларды есептер шығаруда түрлендіре алды.Сол формулаларды қолданып,әртүрлі есептер мен электр тізбегін түсіндіре білді.Бірлесіп жұмыс жасай отырып,ынтымақтасқан ортаны құра білді.бір-бірін сыйлап,жауапкершілікті сезініп,пәнге қызығушылығы артты.


8 «А» сыныбында физика пәнінің мұғалімі К.Сатылғанова «Work and power of current. The Law of Joule-Lenz and practice of tasks» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Оқушылардың физикалық формулаларды, өлшем бірліктерді ағылшынша айтуға машықтанғаны байқалып тұрды..Жұмыстың, қуаттың, джоуль-Ленц заңы анықтамасын, формуласын , өлшем бірлігіне сәйкестеңдіру жасады.Анықтаманы қайталады.Топтар бір –бірін «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалады.Оқушылардың үш тілде сөйлеуге машықтанғаны көрініп тұрды. Сабақ соңында берілген кері байланыстары үш тілде білім алудың тиімділігіне дәлел болды.


8 «Е» сыныбында биология пәнінің мұғалімі З.Г.Матжанова «Гормондар», «Гурморальдық реттелу» ұғымдары тақырыбында ашық сабақ өткізді.


Үзіліс кезінде қалалық білім бөлімінің әдіскері Алиева Бақыт Белгібайқызы мектеп өмірімен танысып, мұражайға саяхат жасады


Семинардың келесі бөлімінде «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін көрсету» мақсатында «Шеберлік сынып» ұйымдастырылды. Мектеп тренері А.Сәрсенова «SMART бейдж» арқылы қатысушыларды 3 топқа бөліп алды.


«Үйретуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын қандай әдіс?» –деген сұраққа жауап алу арқылы «Идеялар себетін» интербелсенді әдістерге толтырып алды.
I деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі Г.Сапарбекова 1-топта «Айналмалы бекет» әдісін жүргізді.Топ мүшелерін нұсқаулықпен таныстырып,тапсырмалар берілді.Тапсырмалардағы аңдар,құстар,жемістер атауларын үш тілде атап өтті. Топтар сағат тілімен қозғалып өзге бекеттердегі тапсырманы орындау арқылы келесі бекетке ауысып отырды. Әр бекетте 2 минут аялдау арқылы тұжырым жасап, қорытындыны жариялады. Қалалық білім бөлімінің әдіскері Алиева Бақыт Белгібайқызы топ құрамында болып,тапсырмалар орындауға белсене қатысып отырды.
Топтар «Шеберлік сыныпқа» қатысып, тапсырмалар орындау үстінде....


2-топта III деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі М.Төребекова «Баяндама » әдісін жүргізді. Алдын-ала дайындалып, бірнеше бөлікке бөлінген мәтіндер топ мүшелеріне таратылып берілді. Топ мүшесі қысқаша мәтіннен түсінгені бойынша сурет салып, оң жағындағы көршісіне береді. Соңында әрқайсысы өз көршісінің суреттерін қолдана отырып, осы мәтін бойынша «баяндама» жасайды Оқыған шағын мәтін бойынша суреттер салынып, тақырып алдын-ала болжанды.


III деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі Ф.Назарбекова 3-топта «Шағын әңгіме жазу» әдісін жүргіздіТопта ортақ тақырып бойынша тірек сөздер
ассосациясы жасалды..Топқа бөлініп тірек сөздерді пайдаланып,
шағын әңгіме жазды.1-топ: Жіктеу есімдігінің “Мен” сөйлеуші жақ
мағынасында жазды.2-топ: Жіктеу есімдігінің “Біз” сөйлеуші жақ
мағынасында жазды.3-топ: Жіктеу есімдігінің “Олар” бөгде жақтық
мағынада жазды.Соңында әр топ өздерінің жазған шағын әңгімелерін оқыды


«Шеберлік сынып» «Кубизм» әдісімен қорытындыланды.


1.Бүгінгі шеберлік сыныптың сізге пайдасы тиді ме?
2. -Интербелсенді әдістердің тағы да қандай түрлері мен әрекеттерін ұсынар едіңіз?
3.-Сіз үшін бүгін ең қызық боған әдіс
4.-Бүгінгі өз іс-әрекетіңізге қанағаттандыңыз ба?
5.-Осы әдістер төңірегінде білім алушыларда қандай білім, білік, дағды машықтар қалыптасады?
6.-Интербелсенді әдістерді қолдануда қандай ережелерді сақтау қажет? деген сұрақтар төңірегінде ой бөлісті.
Соңында қалалық білім бөлімінің әдіскері Алиева Бақыт Белгібайқызы «Кері байланыс» нысанасы арқылы семинардың өтілуіне байланысты пікірін білдірді.Семинарға қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өздеріне пайдалы болған тұстардың көп екенін айтып бөлісті. Қатысушылардың жағымды ,құнды ой-пікірлері, тілектері көктемнің күніндей көтеріңкі көңіл сыйлады. Бұндай көңіл-күй ұстаздар қауымына шығармашылық сыйлап, қанаттандыратыны сөзсіз.....
Мектеп көшбасшысы Р.Жарылкасынованың «Кері байланыс нысанасын» ...жүргізу сәтінен...


Қалалық білім бөлімінің әдіскері Алиева Бақыт Белгібайқызының семинарға қатысты кері байланыс беру сәтінен.....


Семинарға қатысушылардың кері байланыс беру сәтінен......


Семинардан соң мектеп әкімшілігімен бірге...