«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 8-11 сынып оқушылары арасында «Мамандықтар әлемін ашамыз» облыстық форумына қатысуы туралы есебі
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында
8-11 сынып оқушылары арасында «Мамандықтар әлемін ашамыз» облыстық форумына қатысуы туралы есебі
Аталған форумға Т. Рысқұлов атындағы № 48 орта мектебінен 11 сынып оқушылары Турмаханов Бақдаулет, Есімжан Аяжан, Құдайбергенов Батыржан, Абдалимова Қымбат, Әділ Жансерік, Кәдірбай Әділет, Тұрсыналы Қуаныш қатысты.
Форумның мақсаты: Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту.
3. Форумның міндеттері:
- өзінің өмірлік жолын, ізденіс қызметін жобалау жағдайында жүрген білім алушылардың қызығушылықтарын жандандыру;
- кәсіби өзін-өзі анықтау сұрақтарында жоғары сыныптағылардың тиімді қоғамдық маңызды қызметін қолдау және дамыту;
- көрнекті тұлғаларды анықтау және қолдау, кәсіби білім алуда шығармашылық қабілетті дамыту;
- жасөспірімнің болашақ мамандық таңдауда отбасымен, мектеппен, шығармашылық ұжыммен және қоғаммен қарым-қатынастың инновациялық түрлерін дамыту;
- білім алушылардың жоғары оқу орындарына дейінгі түрлі оқу орындарымен шығармашылық қарым-қатынас орнатуға және жұмыспен тәжірибе алмасуға ықпал ету.
4. Ұйымдастырушылар Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті болып табылады.
Форум үш кезеңде өткізіледі:
І кезеңі – мектепішілік іріктеу (28 қыркүйек, 2018 жыл);
ІІ кезеңі – аудандық/қалалық іріктеу ( 3 қазан, 2018 жыл);
Өткізу форматы: форум тапсырмаларын аудандық/қалалық білім бөлімі қамтамасыз етеді. Конкурстың аудандық/қалалық іріктеу кезеңінің жеңімпаздары облыстық кезеңге қатысады.
ІІІ кезеңі – облыстық (12 қазан, 2018 жыл).
Өткізу форматы:
7.1. «Осындай мамандық бар» – Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасында сұранысқа ие және қажетті мамандықтардың балалар компьютерлік презентациялар байқауы(1-2 оқушы). 3-4 минут
Талаптар: слайдтың саны 10-нан артық емес; файлдың көлемі – 8МБ-тан көп емес; PowerPoint форматы; интернет-ресурстарына гиперсілтеме қолдануға, презентацияға шағын роликтер, әуенмен сүйемелдеуге, суреттер қоюға болады; презентация бір стильді сақтауы қажет (түс, қаріп – көлемі, сызылуы, туралауы).
7.2. «Мамандықты таңдайтын уақыт» – жобалар байқауы.
Байқау нақты мамандық бойынша зерттеу жұмысын жүргізуді болжайды. Өз пікірін нақты дәлелді материал арқылы негіздеу қажет. (мамандыққа сипаттама, оның ерекшеліктері, қоғамға пайдасы, таңдаған мамандыққа адамның жеке қасиеттерінің сәйкестігі, осы мамандықтағы табысты адамдармен сұхбат, мамандықтың даму болашағы, осы мамандықтағы адамның тұлғалық дамуы, мамандықты алудың кезеңдері және т.б.). (1-2 оқушыдан) 7-10 минут
7.3. «Мен маманадықтар әлемінде» әдеби байқау (эссе).
Қатысушы болашақ мамандығы туралы тақырыпты ашатын, өзінің таңдауын және ел үшін осы мамандықтың маңыздылық деңгейін ашатын эссе жазады(аудандар - 3 оқушыдан, Тараз – 5 оқушы). 1 сағат
7.4. «Мамандық кеше, бүгін, ертең» КТК шеңберіндегі номинациялардың тақырыптары:
1) «Визитка-түйіндеме» байқауы; (5 минут)
2) «Ширату» байқауы; (15 минут)
3) «Үй тапсырмасы» байқауы. (7 минут)
Оқушылар барлық байқауға қатысты. «Мамандықты таңдайтын уақыт» атты жобалар байқауына Есімжан Аяжан қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.
«Мамандық кеше, бүгін, ертең» КТК-ға біздің мектеп оқушылары «IT-group» атты команда құрып, өз өнерлерін көрсетіп, Алғыс хатпен марапатталды.
