Кәсіптік бағдар беруге байланысты жүргізілген іс – шаралар, кабинеттің жабдықталуы туралы мәлімет
Кәсіптік бағдар беруге байланысты жүргізілген іс – шаралар, кабинеттің жабдықталуы туралы мәлімет
Мамандық таңдау бұл адам өміріндегі маңызды, қиын және жауапты қадам.
Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау- мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі. Сондықтан, мектепте 2015 жылдың қараша айында информатика кабинетімен кіріктірілген №17 кәсіптік бағдар беру кабинеті ашылған. Кабинетті жабдықтауда қалалық білім бөлімінің әдістемелік нұсқаулығы басшылыққа алынды.
Кабинетте кәсіптік бағдар бойынша ақпарат алу, тестпен жұмыс істеу үшін Sabak.kz, Test1.test.kz, Google.kz, Zhambil_Obl_UMC, dppzhambyl.gov.kz, enbek.kz, taraz.zhm.olx.kz т.б. сайттарымен жұмыстар жүргізілуде.
Кәсіптік бағдар беру барысында «Мамандық таңдау», «Мамандық таңдау – маңызды іс», «Білім беру - 2020», «Техникалық мамандықты таңда!», «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы», «Энерджи Тараз» «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» бейнероликтері және «Кәсіптік мамандықтар сыр шертеді», «Мамандықтар әлемінде», «Мамандығым - мақтанышым», «Кім болам?», «Мамандықтың бәрі жақсы», «Мамандықты дұрыс таңдау – болашақты таңдау» презентациялары компьютерлерге жүктелген.
Кабинетте оқушылардың кәсіби бағдар алуына арналған әр түрлі көрнекіліктермен, материалдармен, оқу орындары туралы ақпараттармен, «Жамбыл облысының өндірістері», «Мамандық таңдауға байланысты ақпараттар», «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» стендтерімен жабдықталған және оқушылардың интернет жүйелерін, компьютерлерді пайдалануына, интерактивті тақтаны қолдануына мүмкіндіктер қарастырылған.
Кабинеттің жұмыс жоспары, картотекасы жасалған. Сондай-ақ, барлық сынып жетекшілері оқу кабинеттерінде кәсіптік бағдар беру бұрыштарын жасаған.
Мамандық таңдау бұл адам өміріндегі маңызды, қиын және жауапты қадам.
Мектеп оқушыларының мамандық таңдауда дұрыс бағыт алу мәселесі мектептің психологиялық қызмет аясында жүргізілетін аса жауапты да маңызды жұмыстарының бірі.
Мектеп жасындағы жасөспірімдерге өзінің болашағын таңдауға келгенде көп ықпал ететін ата-ана, ұстазбен қатар мектеп психологтары да өз үлестерін тигізеді.
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің 2017 жылдың 29 қыркүйектегі №2838 хатына сәйкес Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектепте «Түлектер тақтасы» стенді жасалынды, түсі Қазақстан Республикасының туы іспеттес көк, жиегі сары түспен көркемделген. Стендке 9-11 сынып түлектеріне арналып қала, облыс, республика бойынша жоғары оқу орындарының, колледждердің тізімі және мамандықтар тізімі ілінді. «Түлектер тақтасының» алдына мамандық таңдау туралы сұрақтарға арналған жәшік сауыт орнатылды. Бұл жәшікке түлектер өзін толғандырған мамандық таңдау мәселесі бойынша сұрақтарын қалдырып, жауап, ақпарат ала алады.
2018 - 2019 оқу жылында республикалық «Еңбек күні» мерекесі атап өтілді. 24.09. – 26.09 күндер аралығында мектепішілік «Бақыттың кілті еңбекте» атты көрме, 9 сынып білім алушылары «Еңбек, қоғам, бірлік» атты ашық ой – пікір алаңы өткізілді.
Бейінді оқытудың аймағындағы мәселелерді есепке ала отырып, 9 сынып оқушылары арасында психологиялық зерттеулер жүргізілді: бейінді оқытудың бағытын анықтау үшін «Қандай оқу бағытың таңдайсың?»,«Сенің кәсіби ой-ниетің», «Табаңдылықты зерттеу»тақырыбында сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың нәтижелері сынып жетекшілер мен ата – аналарға таныстырылып, кеңес берілді.
Ұсыныс: кәсіптік бағдар беру жұмыстары әрі қарай жалғастырылсын. Сынып жетекшілері түрлі мамандық иелерімен кездесулер және өз мамандықтары туралы «Түлектер сабағын» өткізуді ұйымдастырсын, ЖОО мен кәсіптік колледждерге «Ашық есік» күніне оқушыларды қатыстырсын.