16
қаңтар
2019
«Мамандығым – жетістік мерейі» түлектер сабағы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мектепке тағзым» жобасы аясында «Мамандығым – жетістік мерейі» түлектер сабағы өтті. Т. Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінің 2005 жылғы түлектері Құтымтаев Қайыржан және Жапсарбаев Асылжанмен кездесу болды. Сабақ барысында мектеп директоры Айжан Ақтлеуқызы 9«В» сынып оқушыларына түлектерді таныстырды, Қайыржан мен Асылжан өздерінің мектеп бітіру кезінен бастап қазіргі уақытқа дейінгі өз еңбек жолдары мен өздерінің мамандықтары туралы оқушыларға толық мағлұмат берді. Сабақ соңында оқушылар өздерінің сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, түлектерге сұрақ қойып, естелікке суретке түсті.




