Оқушылар назарына!!! » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушылар назарына!!!
03
қыркүйек
2020

Оқушылар назарына!!!


Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі туралы 

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі 12-тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ  ҚҰҚЫҒЫНА ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР:

132-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру

      1. Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта   (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру – жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – алпыс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – тоқсан, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.

133-бап. Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы

1. Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы –жеке тұлғаларға-жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне-қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне- алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет-қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға-қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне-алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

440-бап. Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу        

 1.Жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу –бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 2. Жасы он сегізге толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі- ата-анасынан немесе оларды алмастыратын адамдарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам жасаған әрекеттер –бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
       5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының үшінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

442-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы

      1. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы – заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
       2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет заңды өкілдеріне он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерiнің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн болуы –заңды өкiлдерiне ескерту жасауға әкеп соғады.
 ҚР Қылмыстық Кодексі. 140 бап-Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау

200 айлық есеп көрсеткішіне дейін айыппұл түрінде немесе сол мөлшерде жөндеу жұмыстары немесе 180 сағатқа дейін мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту арқылы қылмыстық жауапкершіліктер қарастырылған. 

127-бап. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi  мiндеттердi орындамауы

1. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы –жеті айлық есептi көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
  2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –  жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Мына жағдайларда жасөспірімді тәрбиелеуші ата-ана немесе басқа да заңды өкілдер, сол сияқты оқу, емдеу, тәрбие немесе жасөспірімдерді бақылауға міндетті мекемелердің педагогтары немесе жұмысшыларының өз міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін, осылардың салдарынан жасөспірімдердің алкогольдік ішімдіктерді, наркотикалық және психотроптық заттарды қолдану, немесе қайшылық, қаңғыбастық пен айналысу, қылмыстық белгісі бар іс-әрекеттер, қасақана қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасау. 

«Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі»  туралы  Қазақстан РеспубликасыныңҚылмыстықкодексiнiңқұрамына  «Кәмелеткетолмағандардыңқылмыс- тықжауапкершiлiгi» аттыбөлiмдiкiргiзуарқылышешiлген. Бұл бөлiм нормаларыныңмазмұныҚылмыстықкодекстiңЖалпы бөлiмнiңережелерiненөзгешелеуқұрастырылған,ерекшеленусебебi,олардыңқылмыс субьектiсiнiңжас ерекшелiгiменғанатүсiндiрiледiжәнеолар жауапкершiлiк пенжазаныжеңiлдетугебағытталған.Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі туралы 6 бөлімнің   80 - бабы анықтағандай, кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар деп танылады. 

           Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасағандығы үшін жауапкершіліктің ерекшелігі -іске асыру мүмкіндігі болып неқылмыстық жауапкершіліктен тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану не қылмыстық жауапкершілікке тарту арқылы жүзеге асады.Кәмелетке тол­маған­дардың қылмыстық жауап­тылығы туралы мән-жай­лар Қазақстан Республикасы Қыл­мыстық кодексінің VI бөлі­мін­де кеңінен қарас­тырыл­ған. Атал­ған заңның 80-бабына сәй­кес, кәмелетке толма­ғандар деп қылмыс жасаған кезде жасы 14-ке толған, бiрақ, 18-ге тол­маған адамдар танылады, яғни, қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталады.Жасалған қылмыстың санатына байланысты (аса ауыр, ауыр, орташа, кішігірім) қылмыс жасаған кәмелетке толма­ған­дарға қылмыстық жаза таға­йын­далуы мүмкiн немесе оларға тәрбиелiк әсерi бар мәж­бүрлеу шаралары қолда­нылады.
       Кәмелетке толмағандарға төмендегіше жаза түрлерi таға­йындалады: айыппұл, белгiлi бiр қызметпен айналысу құқы­ғынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыс­тары, бас бос­тандығын шектеу және бас бос­тандығынан айыру.
 Айыппұл түріндегі жаза кәме­летке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндiрiп алуға жарайтын мүлкi болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл 10/500 (оннан бесжүз) айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе кәмелетке толмаған адамның жалақысының немесе өзге табысының екi аптадан алты айға дейiнгi кезеңдегi мөлшерiнде тағайындалады.
      Кәмелетке толмағандарға бел­гiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады. Қоғамдық жұмыс­тарға тарту түріндегі жаза    40 сағаттан 160 сағатқа дейiнгi мер­зiмге тағайындалады және кәме­летке толмаған адамның қолынан келетiн жұмысты жас­ау­ға ғана тартылады. Қоғам­дық жұмыс оқудан немесе негiзгi жұмыстан бос уақытта атқарылады. 16 жас­қа толмаған адамдардың бұл жаза түрiн орын­дауының ұзақ­тығы күнiне 2 сағаттан, ал, 16-дан 18 жасқа дейiнгi адамдар үш­iн күнiне 3 сағаттан аспауы керек.
        Түзеу жұмыстары түріндегі жаза сот үкiм шығарған кезде 16 жасқа жеткен кәмелетке толмаған адамдарға ғана және бiр жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады. Кәмелетке толмағандардың бас бостандығын шектеу түріндегі жаза бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады.


.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив