Мектеп директоры А.Абдешованың қамқоршылық кеңесі мен ата-аналар комитетінің біріккен жиналысындағы жасаған есебі туралы
Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектеп бойынша қамқоршылық кеңесі мен ата-аналар комитетінің біріккен жиналысының
ХАТТАМАСЫ
Өткізілген күні: 23 қыркүйек 2019 жыл
Өткізілген орны: Акт залы
Қатысқандар:
1.Сасықбаев Е- қамқоршылық кеңес төрағасы;
2.Абдешова А-мектеп директоры;
3.Тлеубердиева Қ- қамқоршылық кеңестің хатшысы;
4. А.Тұрсынбаева -ЖОПДО маманы
5. Қамқоршылық Кеңес мүшелері- 12;
6. 1-11 сынып ата-аналар комитетінің өкілдері-124.
Күн тәртібінде:
- Мектеп директорының 2018-2019 оқу жылында атқарылған жұмыстар және 2019 жылға бөлінген бюджеттік қаражат жұмсалуы туралы есебі. (есеп тіркеулі)баяндамашы А.Абдешова-мектеп директоры
- 2019-2020 оқу жылына арналған құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша жүргізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстыру. Мектеп формасына қойылатын талаптар.Құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Тлеубердиева.
- ҚР ӘҚБтК 127 және ҚР ҚК 242 баппен таныстыру- Мектеп инспекторы,полиция капитаны С.Исметов
- Үйірме жұмыстары туралы. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарыН.Асқанбекова.
- Әлеуметтік жұмыстар туралы. Социолог М.Бердиханова
- ПБЗ қолданудың алдын алу. ЖОПДО маманы А.Тұрсынбаева
- Тұрмыстық зорлық –зомбылықтың алдын алу. Ата-аналарға арналған психологиялық кеңес,пасихолог Қарамырзаева Ж.
- «Жасөспіріммен нәтижелі байланысты қалай орнатуға болады?» психологиялық кеңес,психолог Г.Тастемирова.
- Ата-ана комитетінің мүшелерін сайлау.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз мектеп директоры Абдешова Айжан Ақтілеуқызына берілді. Ол,өз есебінде уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңартып отыру - бүгінгі күннің басты талабы. Осы мақсатты көздеген мектеп ұжымы өткен оқу жылын табысты тамамдады. Мектеп 2018-2019 оқу жылын 1541 оқушымен бастап, 1481 оқушымен аяқтады. 1-4 сыныпта - 30 сынып-709 оқушы, 5-9 сыныпта -31 сынып - 736 оқушы, 10-11 сыныпта - 4 сынып - 96 оқушы білім алды, 5 МАД тобында 105 тәрбиеленуші болды. Мектептегі педагогикалық қызметтің білім берудің мемлекекттік стандарт талаптарына сайкестігін, мектептің одан әрі дамуын қалыптастырыру мақсатында - Мектептің Даму Жоспары және Жылдық жоспары жасалынды. Даму Жоспарында алдағы 3 жылда қол жеткізетін индикаторлар: білім сапасы, педагог кадрлардың құрамын жақсарту, жас мамандарды тәрбиелеу, мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жоспарланып, нақтыланды. Жылдық жоспарда бір жыл ішінде алдымызға қойған нақты мақсаттарды белгілеп, жұмыс жүргізілді. Онда - жалпыға бірдей міндетті білім берудің орындалуы, педагог кадрлармен жұмыс, мектеп құжаттарын жүргізуді бақылау, оқушылардың білім-білік дағдылары, оқу-материалдық база, пәндердің оқыту сапасын бақылау, құқық бұзушылықтың алдын-алу, жетім, қамқорлықтағы, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасы балаларының әл-ауқатын арттыру, психологиялық көмек, оқушылардың тәрбиелік деңгейін жақсарту, бос уақытын ұйымдастыру, үйірме мен секциялардың, сыныптан тыс іс-шаралардың мазмұнын жақсарту қарастырылды. Жоспарланған іс-шаралар дер кезінде орындалып, директор жанындағы кеңес, әкімшілік кеңес, директордың орынбасары жанындағы кеңес, педагогикалық кеңесте қаралып отырды. 9-сыныпта - 122 оқушы, 11-сыныпта - 36 оқушымен ОЖСБ және ҰБТ–ға дайындық жұмыстары жүргізілді. Жыл бойынан ҰБТ-ға және қорытынды аттестаттауға дайындықтың қадамдық іс-қимыл жоспары жасалды. Бірнеше рет сынақ тестер, психологиялық көмек, мамандық таңдауға көмек, ата-аналармен бірлескен жұмыс ұйымдастырылды. 36 оқушының 10 наурыз айындағы тапсырған тесттен кейін 35 оқушы ЖОО түсті. 30 оқушы маусым айында баолған ҰБТ-ға қатысып, нәтижесінде 23 түлек грантқа, 12 оқушы ақылы негізде ЖОО түсті. Грантқа түскен 23 оқушының 4 оқушысы педагогика саласын таңдап ЖОО түсті.
Оқу жылы | Орта балл | 100-ден жоғары ұпай жинаған оқушылар |
2017-2018 | 89,6 | 18 оқушы |
2018-2019 | 101,6 | 13 оқушы |
Өткен оқу жылында 8 оқушы үйден оқытылса, 4 оқушы инклюзивті білім берумен қамтылды. Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт мектепке келе алмайтын балалар үшін ҚР «Білім туралы заңының» 8 бап, 5 тармағына, ҚР «Білім және Ғылым министрінің №61 (2014 ж 25 ақпан) бұйрығына, Тараз қалалық ведомствоаралық психологиялық – медициналық-педагогикалық консультациясы мемлекеттік мекемесінің үй жағдайында оқытылатын оқушыларға берген қорытындысын негізге ала отырып оқу – тәрбие жұмысы ұйымдастырылды.
Мұнда ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі №174 бұйрығының 4-қосымшасы басшылыққа алынып, мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес ұйымдастырылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша көне ескерткіштерді қайта жаңғырту, туған жердің әрбір ескерткіштерінің тарихын құрметтеуге, туған елге сүйіспеншілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында және «Өлкетану» жобасын іске асыру мақсатында мектебімізде бірнеше жұмыстар жүргізілді. «Қарахан» кесенесіне,«Көне Тараз – тарихи мәдени орталығына»,Д.А.Қонаев мұражайына, «Ақыр тас» тарихи ескерткішіне және облыстық мұражайға саяхат ұйымдастырылды. «100 жаңа есім» республикалық жобасының Жамбыл облысы бойынша жеңімпазы «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы саяси кеңесі бюросының мүшесі, Жамбыл облыстық мәслихаты шақырылымдарының депутаты Сембек Сейдазимовпен кездесу кеш өткізілді. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының аясында «Тараз» триосының үштік құрамындағы өнер иелерімен және т.б.кездесу кештері өтті.
Өткен оқу жылында мектепте барлығы 128 мұғалім еңбек етті, оның 34-ті - жоғары санатты, 41-і - 1 санатты, 30-ы - 2 санатты, педагог-модератор -14 , педагог сарапшы - 21, педагог-зерттеуші - 7. Педагог кадрларының сапалық құрамы – 58,5% құрады.
2019 жылға бюджеттен бөлінген қаражат төмендегідей игерілді:
ü 310 мың- шаруашылық тауарлары;
- 460 мың-құрылыс заттары;
- 352 мың-кеңсе тауарлары;
- 125 мың-спорттық құрал-жабдықтар;
- 1000 шаршы метр линолеум 12 кабинетке төселді. Оқу кабинеттері санитарлық талапқа сай орналастырылып, жабдықталған, жаңа оқу жылына дайын.
Жаңа модификациялық биология және химия кабинеттері бар,заманауи жабдықталған. Алдағы оқу жылында мектептің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында жаңа модификациялы физика кабинетін ашу,спорт залдарға және асханаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл мәселелерге байланысты ҚББ-не сұраныс жасалды, әрине мұның бәріне қомақты қаржы қажет. Робототехника кабинеті осы оқу жылында жабдықталады. Мектепте 40 оқу кабинеті бар. Компьютерлік сыныптар саны - 2 дана, жалпы мектептегі компьютерлер саны - 101 дана. Бір компьютерге шаққанда -14 баладан келеді. Мәжіліс залы 150 орындық. Асханада бір мезгілде 120 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Медициналық кабинет 1 бөлмеден тұрады, онда медициналық құралдар мен құрылғылар жеткілікті және стомотология кабинеті бар.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Тлеубердиева құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты жасалған жұмыстар туралы 2019-2020 оқу жылының жоспарында көрсетілгендей, әр айдың 2 аптасында 1-11 сыныптарда «Құқықтық білім беру» апталығы жүргізіліп, құқықтық тәрбие шаралары жасалынады. Құқықтық тәрбие саласыбойынша қыркүйек айынан бастап «Алатау», «Мыңбұлақ» мөлтек ауданында орналасқан компьютер клубтарына, сауда орындарына, саяжайларға, көңіл көтеру орындарында рейд жүргізу айлықтары кезінде, мейрам күндері күшейтіледі. Бекітілген кесте бойынша ойын-сауық орындарға рейдтер жасалынады. Жалпы қалалық есепке алынған оқушы -жоқ, мектепішілік есепте тұрған оқушы-2.Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, бопсалау мен әр түрлі мәселелердің алдын алуға байланысты мектеп ішінде «Сенім жәшігі» қойылды. Жәшік мектепте айына 1 рет ашылып, түскен хаттар директор жанындағы, әкімшілік отырысында талқыланып отырды.Мектепте «Адал ұрпақ» клубы жұмыс жасайды. Оны _9_____мүшесі бар. Жоспары жасалынып, іс-шаралар өткізілді. «Адалдық дүкені» ұйымдастырылды.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген діни сипаттағы белгілері жоқ бекітілген киім формасын сақтау туралы талаптар Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңының 49-бабының 2 тармағының 6) және 7) тармақшаларына сәйкесата-аналар мен өзге де заңды өкілдер білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға, білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті. Мектепттің ішкі жарғысында айтылғандай оқушылардың белгілі бір дінге қатыстылығын көрсететін киім киюге жол берілмейді.Ата-ана өз балаларының мектептің Жарғысында бекітілген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бұзуына жол бермеулері және ата-ана құқықтарын теріс пайдаланбаулары тиіс.
Сөз алды:
Ақдилдаева Ақбота, 9в сынып ата-аналар комитетінің мүшесі. Мектеп бойынша атақарылған іс-шаралар туралы мектеп директоры А.Абдешованың есебі қанағаттанарлық деп есептейміз,сәттілік тілейміз.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша сөз мектеп инспекторы,полиция капитаны С.Исметовке берілді.Ол, ата-аналарды 127-бап. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы
1. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы –жеті айлық есептi көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғатындығы туралы ескерту жасады. «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау болмаса дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау- екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, немесе бас бостандығын 7 жылға дейін шектеу, немесе 6 жылға дейін бас бостандығанан айыру» туралы ҚР ҚК 242 бабымен таныстырды.
Терроризм – қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру, кек алу мақсатында жеке тұлғаларға немесе ұйымдарға қатысты құқыққа қарсы қылмыстық жазаға тартылатын әрекет немесе оны жасаймын деп қорқыту деген мағына білдіреді.
Қылмыстың қасақаналықпен істелетіндігі және терроризм актісі туралы хабарлаудың қоғамға қауіптілігін, соны біліп тұрып әрекет жасайды. Хабарлама жасаудың ауызша, жазбаша, телефон арқылы және басқа түрлері болады. Көп жағдайларда мұндай әрекет бұзақылық ниетпен істеледі, ал кей кезде кек алу, жұмысты немесе оқуды болғызбау ниетімен іске асырылатындығы жөнінде хабарлама жасалынды.
Терроризм актісі туралы жалған хабар берген адамның, құқық қорғау органдарында бар заманауи техникалық мүмкіндіктері арқылы тез арада анықталып құрықталады. Сонымен қатар, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлауға сенген мемлекеттік органдар, жекелеген адамдар әбігерге түсіп, дайындалып жатқан террорлық актіні тойтару үшін үйымдастырушылык техникалык шаралар өткізуге мәжбүр болып, материалдық шығынға ұшырайды. Кейін аталған қаражатты,яғни жедел медициналық жәрдем, өрт сөндіру мен апаттан құтқару қызметтерін, жедел тергеу топтары мен арнайы жасақтарды шақырту мен жұмыс істеуі, соттың шешімімен терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар берген тұлға қайтарады.
Қылмыстың субъектісі — жалпы, жасы 14-ке толған кез келген азамат.
Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Асқанбекова 2019-2020 оқу жылында құрылған үйірмелерге тоқталды.
№ | Үйірменің атауы | Үйірмесінің жетекшісі | дүйсенбі | Сейсенбі | Сәрсенбі | Бейсенбі | Жұма |
1 | «Інжу» би | Мәселбекова З | 1100-1300 | 1400-1525 | 1100-1310 | 1400-1525 | 1100-1225 |
2 | Домбыра | Тасболат | 1400-1525 | 1100-1145 | |||
3 | Вокал | Жолсейтова Ш. | 1325-1405 | 1325-1410 | |||
4 | Көркемдік құрастыру және дизайн | Жүнісова Б | 1325-1405 | ||||
5 | «Асыл мұра» | Кенжебаев Б. | 1240-1320 | ||||
6 | «Бояулар әлемі» | Шавалиева Ғ. | 1325-1405 | ||||
7 | «Бояулар сыры» | Мусаева Г. | |||||
8 | SMART-SARBAZ | Исаев Ғ. | 1000-1040 1410-1450 | 1455-1535 | |||
9 | Дінтану | Малдыбаева И. | |||||
10 | Роботехника | Закен Е | 1410-1450 | 1325-1405 | |||
11 | Шахмат | Даулет Н. | 1250-1330 | 1250-1330 | |||
12 | Волейбол | Бөрібеков Б. | 1325-1405 | 1250-1410 |
Күн тәртібіндегі бесінші мәселе бойынша, мектептегі әлеуметтік жағдай жөнінде социолог М.Бердіханова сөйледі. Ол,ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедігі Заңының
4- бабының 21 тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілері 5 санатқа бөлінеді.
Олар:
1. мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар.
2. мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі
күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар.
3. жетім балаларға, ата- анасының қамқорлығынсыз қалып,отбасыларда тұратын балалар.
4. төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар.
5. білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын көмекке мұқтаж балалар.
2019–2020 оқу жылында мектепте жоғарыда аталған 5 санатқа жататын оқушылардың саны: 218. Оның ішінде 1-ші санатқа жататын оқушы -58
2-ші санатқа жататын оқушылар - 145
3- ші санатқа жататын оқушылар - 4
4-ші санатқа жататын оқушылар -
5- ші санатқа жататын оқушылар саны - 11
Мектепте ыстық тамақты ұыймдастыру мәселесіне көп көңіл бөлініп жатыр. Дұрыс және тиімді тамақтану адам денсаулығына пайдалы. Мектепте осы тақырып бойынша үнемі насихаттау жұмыстары жүргізілуде.
Мектепте жалпы тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны: 218.
1 сыныптар бойынша - 40, 2 сыныптар бойынша - 28, 3 сыныптар бойынша- 42 оқушы,
4 сынып аралығында 24 оқушы, 5 сынып аралығында 26 оқушы, 6 сынып аралығында 25 оқушы, 7 сынып аралығында 21 оқушы, 8 сынып аралығында 10 оқушы, 9 сынып аралығында
2 оқушы қазіргі уақытта тегін тамақтанып жүр.
Дұрыс, тиімді тамақтану – денсаулық кепілі демекші, барлығымыз балаларымыздың мектептегі тамақатуына көбірек көңіл бөлейік.
Ыстық тамақтын сапасын, асхананың санитарлық-гигиеналық тазалығын тексеру мақсатында медбике, ата-аналар және мұғалімдерден бракерлік комиссиясы құрылып, жыл бойы осы бағытта жұмыстар атқарылады. Оқушылардың тамақтануын қадағалау мақсатында есеп журналы арналып, күнделікті есеп жүргізіліп, ай сайын бухгалтерияға табель өткізіліп, есеп беріліп отырды.
Әлеуметтік жағдайы төмен оқушылардың талапқа сай құжаттары түгел жинақталған.
Көп балалы отбасынан шыққан оқушылар саны -303
Толық емес отбасынан шыққан оқушылар саны – 174
Ата – анасымен бірге тұрмайтын оқушылар саны- 20
Өгей әкесімен тұратын оқушылар саны 10
Өгей шешесімен тұратын оқушылар саны – 3
Қамқорлықтағы оқушылар саны – 4
Мемлекет тарапынан көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан 114 балаға қыстық аяқ киім, куртка, бас киім, мектеп формасы, ақ жейде, сумка таратылды.
Өткен оқу жылында мектеп жанынан құрылған «Балдәурен» демалыс лагеріне аз қамтылған 87 отбасы балалары қамтылды. Ал, қала сыртындағы «Болашақ» лагеріне 14 оқушы, «Рауан» лагеріне - 17 оқушы, «Бәйтерек» лагеріне – 11 оқушы, «Тау самалы» лагеріне – 8 оқушы қамтылды. Барлығы – 50 оқушы.
Күн тәртібіндегі алтыншы мәселе бойынша ЖОПДО маманы А.Тұрсынбаева ПБЗ зияндылығы мен оны қолданудың алдын алу туралы ата-аналарға түсіндіріп өтті. Жасөспірімдер арасында зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында БҰҰ Балалар құқықтары туралы Конвенциясының 20 жылдығына бағытталған «Қазіргі кезде балалардың құқықтарын қорғау» тақырыбына «Ашық әңгіме алаңы» өткізілді. Мектеп оқушыларына «Азамат болу нені білдіреді?», «Өз құқықтарыңды қалай қорғау керек?», «Ұрлық-түрі қорлық», «Сенің ата-анаң құқық жайлы не біледі?» тақырыптарына сынып сағаттары өткізілді. Сарапшылар, балалардың арасында есірткі мен психотропты заттарды қолдануға қандай проблемалар итермелейтіндігі көтерілді. Зерттеушілер мұның басты себептері отбасының жағдайы және жасөспірімнің өзіне төмен баға беруі деп көрсетті. Психо-неврологиялық диспансердің өкілдері шылым шегудің, нашақорлықтың зияны туралы «Шылым шегуге шек қою туралы» ҚР Заңы және «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі қабылданғанын және әрбір адам өз денсаулығын сақтауға құқылы екендігі айтылуда. «Балалардың құқықтары туралы» ҚР Заңына қатысты кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселе бойынша, Сонымен қатар оқушылар департаменттің жанында балалар қоғамдық қабылдауы және сенім телефоны жұмыс жасайтындығын, қажет жағдайларда балалар әрқашанда көмек ала аладаы.
Есірткі адамзаттың соры.
Адамдарды нашақорлыққа баулу – қылмыстың ең соры. Олар бірлі-жарым адамды ғана қан ақсатып қоймайды, бүкіл ел мен ұлттың тамырына балта шабады. Бұл біздің жас мемлекетіміз үшін соғыс апатымен тең. Оған қарсы неге күш біріктіреміз? Неге күреспейміз?
Күні кешеге дейін нашақорлық деген атау қазақ ұғымында болған емес. Маскүнемдік те бізге жат еді. Қоғамдық орта да, табиғат та таза, тұнық болатын. Ластықтан жиіркенетінбіз. Есірткі миды құрғатып, кептіріп жібереді. Қыздырмаға ілескен сорлы аз уақытта бір жола мәңгіреді. Есірткісіз бір сәт те тұра алмайтын халге жетіп, тірі өлікке айналады. Отан, ата-ана, құрбы құрдас дегенді білмейді де сезбейді. Олардың бұл дүниеден кешетіні – азап.
Есірткі және денсаулық.
Дәрігерлердің айтуына қарағанда, есірткі миды құрғатып, кептіріп жібереді. Гашиш шеккен адамдардың жүрек соғуы мен тамыр соғуы артады. Созылмалы қан тамыр аурулары барларда (инфаркт) тамыр бітелу болды. Ұзақ уақыт апиын тартқандарда тыныс жолы аурулары пайда болады. Сонымен бірге жүрек, ми, бүйректерде де зиянды зардап туғызады.
Нашақорлар жөніндегі соңғы жаңалықтар.
Соңғы мәліметтерге жүгінсек, республика бойынша 20 мыңнан аса нашақордың бар екені анықталып, тіркеуге алынған.
Күн тәртібіндегі жетінші мәселе бойынша,психолог Ж.Қарамырзаева . Тұрмыстық зорлық-зомбылық күш көрсету, психологиялық,сексуалдық және (немесе) экономикалық зорлық-зомбылық түрiнде болуы мүмкiн.
Күш көрсету зорлық-зомбылығы - дене күшiн қолданып, дененi ауыртып денсаулыққа қасақана зиян келтiру.
Психологиялық зорлық-зомбылық - адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды немесе өмiрге немесе денсаулыққа қауiп төндiретiн, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетiн әрекеттердi жасауға мәжбүрлеу (ерiксiз көндiру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсiту.
Сексуалдық зорлық-зомбылық - адамның жыныстың тиiспеушiлiгiне немесе жыныстық еркiндiгiне қауiп төндiретiн құқыққа қарсы қасақана iс-әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы iс-әрекеттер.
Экономикалық зорлық-зомбылық - адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйiнен, тамағынан, киiмiнен, мүлкiнен, қаражатынан қасақана айыру, бұл дене саулығының және (немесе) психикалық денсаулығының бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн.
Сондықтан мұндай жағдайға тап болғандарға арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетіледі.
1. Заңда белгiленген тәртiппен өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адам деп танылған жәбiрленушiге арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетiледi.
2. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiн және ақылы арнаулы әлеуметтiк қызметтердi қамтиды.
3. Арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген және кепiлдiк берiлген көлемiнен тыс көрсетiлетiн қосымша көлемiн көрсету аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары шешiмдерiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.
4. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттары, оларды көрсету тәртiбi, өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы заңнамасында айқындалады.
Күн тәртібіндегі сегізінші мәселе бойынша,психолог Г.Тастемирова «Жасөспіріммен нәтижелі байланысты қалай орнатуға болады?» тиісті 12 ережемен таныстырды,психологиялық кеңестер берді.
Сөз алды:
Сасықбаев Е- қамқоршылық кеңесінің төрағасы. Рухани дамыған азамат,табысқа жетуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандырып, еліміздің экономикалық игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адам қалыптастыруды дамытуда, үйде білім алатын мүгедек балалардың жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріліп, оларды компьютерлік техникамен қамтамасыз етілуі, медициналық кабинеттің және оның қызмет етуі және жасөспірімдердің бойында белсенді азаматтық ұстаным, әлеуметтік жауапкершілік, отансүйгіштік сезім, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастырудағы қамқоршылық кеңестің атқаратын рөлі зор екендігіне тоқталып, қамқоршылық кеңес пен ата-аналар комитеті, мектеп әкімшілігімен бірлесіп, балаларымыздың білімі мен тәртібі үшін жұмыс атқарайық.
Күн тәртібіндегі тоғызыншы мәселе бойынша 2019-2020 оқу жылына ата-ана комитетінің құрамы мен мүшелерін сайлау.
Сөз мектеп директоры А.Абдешоваға берілді. Ол, өткен оқу жылында жұмыс істеген ата-аналар комитетінің мүшелері белсенді түрде мектеп өміріндегі барлық іс-шараға қатысып,атсалысты. Алғысымызды білдіремін. Ал, жаңа оқу жылына сайланатын ата-аналар комитетінің құрамы
Қамқоршылық кеңесі мен ата-аналар жиналысы қаулы етті.
ҚАУЛЫ:
1.Мектеп директоры А. Абдешованың есебі қанағаттанарлық деп бағалансын.
2.Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша жүргізілетін іс-шаралардың өткізілуі қадағалансын.
3. ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген діни сипаттағы белгілері жоқ бекітілген киім формасын сақтау туралы талаптар мектеп әкімшілігі тарапынан қатаң қадағалансын
4.Оқушылардың бос уақытының дұрыс ұйымдастырылып, үйірмелерге қамтылуы бақылауға алынсын.
5.Салауатты өмір салтын қалыптастыру басты назарға алынсын.
6.Тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында оқушылардан сауалнама алынып, қорытындысы бойынша жұмыстар жүргізілсін.
Қамқоршылық кеңесі төрағасы: Сасықбаев Е.А. Ата-аналар комитетінің төрағасы: Қалдыбаева Г.Б.
Хатшы: Тлеубердиева Қ.Т.



