25
қыркүйек
2019
Қамқоршылық кеңес пен ата-аналар комитетінің біріккен жиналысы
23 қыркүйек күні мектеп директоры А.Абдешова Қамқоршылық кеңес пен ата-аналар комитетінің біріккен жиналысында есеп берді. 2018-2019 оқу жылында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Онда - жалпыға бірдей міндетті білім берудің орындалуы, педагог кадрлармен жұмыс, мектеп құжаттарын жүргізуді бақылау, оқушылардың білім сапасын арттыру, оқу-материалдық база, пәндердің оқыту сапасын бақылау, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу, жетім, қамқорлықтағы, әлеуметтік жағдайы төмен,аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларының әл-ауқатын арттыру,мектеп формасы, қыстық сырт киім,аяқ киіммен қамтамасыз етілуі және олардың ыстық тамақпен қамтылуы, оларға психологиялық көмек көрсетіп,кеңес беру, оқушылардың тәрбиелік деңгейін жақсарту, бос уақытын ұйымдастыру, үйірме мен секцияларға қамтылуы туралы айтылды. Ата-аналардан мектеп қабырғасында оқушы қажеттілігіне деп қаражат жиналмайтындығыжәне ақша туралы әңгіме болмауы алдағы уақытта да басты назарда ұстайтындығы жөнінде баса айтып,қатаң түрде ескертті.
Сөз алған Қамқоршылық кеңес төрағасы Е.Сасықбаев мектеп ұжымына жаңа оқу жылына шығармашылық табыс тіледі.
Сөз алған Қамқоршылық кеңес төрағасы Е.Сасықбаев мектеп ұжымына жаңа оқу жылына шығармашылық табыс тіледі.