Педагогтерді аттестаттау қағидалары бойынша семинар өтті
2025 жылғы 24 сәуір күні Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінің ұйымдастыруымен педагог қызметкерлерді аттестаттауға қатысты түсіндірме семинары өткізілді.
Семинарда:

ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы №83 бұйрығына енгізілген өзгерістер таныстырылды;

Аттестаттау құжаттарын рәсімдеу, мемлекеттік қызмет стандартына сай қабылдау тәртібі түсіндірілді;

Авторлық бағдарламалар дайындау және оларды сараптамадан өткізу ережелері талқыланды.

Қатысушылар аттестаттау процесіне қатысты өздерін толғандырған сұрақтарға толық жауап алып, тәжірибе алмасты.

Іс-шараға мектептің аттестаттауға жауапты мамандары, аттестаттау комиссиясы, аттестаттаудан өтетін педагог қызметкерлер қатысты.