Қалдыбаева Гүлзира Бекболатқызының ұйымдастыруымен 1-11 сынып ата-аналар комитеті мүшелерінің жиналысы өткізілді. » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қалдыбаева Гүлзира Бекболатқызының ұйымдастыруымен 1-11 сынып ата-аналар комитеті мүшелерінің жиналысы өткізілді.
20
мамыр
2021

Қалдыбаева Гүлзира Бекболатқызының ұйымдастыруымен 1-11 сынып ата-аналар комитеті мүшелерінің жиналысы өткізілді.

2021ж. 18 мамыр күні ата-аналар комитетінің төрағасы Қалдыбаева Гүлзира Бекболатқызының ұйымдастыруымен 1-11 сынып ата-аналар комитеті мүшелерінің  жиналысы өткізілді. Жиналыстың күн тәртібінде 25 мамыр "Соңғы қоңырау" салтанатты іс-шарасының санитарлық ережелерді сақтай отырып,ашық алаңда өткізілуіне байланысты мектеп бітірушілердің құқық бұзушылығына жол бермеу,оның алдын алу туралы  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Алтыбаева ақпарат берді. Құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Тлеубердиева бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отырған төтенше жағдайлардың, оның ішінде балалардың өрт,судағы қауіпсіздіктері және  балкон,терезеден құлап кетудің алдын алу жөнінде ата-аналардың балаларды қараусыз қалдырмай, оқыс оқиғалардың алдын алуға щақырды. Сонымен қатар, терроризм актісінің қаупі туындаған немесе жасалуы мүмкін жағдайда халықтың білуі қажет іс-қимыл жаднамасымен таныстырып өтті. Ата-аналар комитетінің төрағасы Қалдыбаеа Гүлзира Бекболатқызы оқу жылының аяқталуына санаулы ғана күндер қалды, алда жаздық каникул күндерінің басталатындығына орай  балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастырып, олардың қаңғыбастықпен айналысуына жол бермеу , ата-ана жауапкершілігі бәрінен жоғары екендігі туралы айта келіп, сынып жетекшілері және мектеп әкімшілігімен тығыз байланыста болуға шақырды.











Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив