30
мамыр
2020
"Біз біргеміз" қайырымдылық акциясы
#Рухани жаңғыру
#Бүгінгі түлек-ертеңгі тірек
«Біз біргеміз!» атты қайырымдылық акциясы
«Бүгінгі түлек – ертеңгі тірек» жобасы аясында мектебімізді 2008-2009 оқу жылы бітірген, әр салада жүрген түлектеріміздің демеушілігімен аз қамтылған отбасыларға, көп балалы отбасыларға әлеуметтік көмек (азық-түлікпен) көрсетілді. Мектебімізден білім нәрімен сусындап, өмірден өз орындарын тауып отырған түлектеріміз қазіргі таңда бірі-әке, бірі-ана, бірі- білікті маман. Түлектеріміздің өмірден өз орындарын тауып, қайырымдылық іс-шараларымен айналысып жатқаны қуантады. Өздері оқыған «Алтын ұяларына» тағзым ретінде, елімізде орын алған төтенше жағдай кезінде игі іс жасап отыр. Бір кездегі оқушыларымыздың бойында патриоттық сезімнің, адами қасиеттердің дәнін сепкеніміздің дәлелі осы емес пе?!
«Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?!» – деп қазақтың кемеңгер жазушысы Мұхтар Әуезов айтпақшы,жомарт жанды түлектеріміздің игі ісі ізін жалғаушы іні-қарындастарына үлгі болары сөзсіз.Осындай игі шараға ұйытқы болған түлектерімізге мың алғыс!