04
ақпан
2020
«Табиғат – менің өз үйім» атты акция
04.02.2020ж. күні Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінде «Табиғатқа тазалықты тарту етейік» атты жобаның презентациясы өтті. Жобаның мақсаты – қоршаған ортаның адам өміріндегі маңыздылығын ұғынуға, қала тұрғындарын қоршаған ортамен үйлесімділікте өмір сүруге шақыру, экологиялық мәдениеті жоғары азаматтар тәрбиелеу. Жоба жетекшілері – Ф.Заурбекова мен С.Дубаева 7 сынып оқушыларымен осы жоба аясында тәрбиелік мәні бар түрлі іс -шаралар атқарды. Сондай шаралардың бірі - «Табиғат – менің өз үйім» атты акция ұйымдастырып, соның аясында мектеп аумағына қарасты үйлердің маңындағы қоқыстарды тазартты, ал «Өз пайдама жаратам» атты тұрмыстық қалдықтардан түрлі қажетті заттарды қолдан жасау оқушыларға қатты ұнаған, әрі бұл шараға олар қызығушылықпен қатысқан екен. Жоба аясында тағы бір іске асырылатын шара - «Бәрі өз мектебімнен басталады» деген тақырыптағы көгеріштендіру жұмысы күлімдеген көктемнің шығуын күтіп тұрған сыңайлы. Бұл шара да тиянақты атқарылып, жоба жұмысы өз мәресіне жететініне сенімдіміз.





