«Құқықтық сана – қауымға пана» жобасы
«Құқықтық сана – қауымға пана» жобасы
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінде 9«Д» сынып білім алушыларымен «Құқықтық сана – қауымға пана» жобасы аясында «Отбасының қоғамдағы маңызы » тақырыбында Quizizz платформасымен КВЕСТ сабақ жүргізілді.
Сабаққа арнайы Тараз қаласының Полиция басқармасының Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Мусаева Анар Бекзатқызы шақырылды. Мусаева Анар Бекзатқызы білім алушылардың сұрақтарына жауап беріп , піір алмасты.
КВЕСТ сабақ барысында мектебіміздің тарих, құқық негіздері пәнінің мұғалімі И.И. Малдыбаева Quizizz платформасының барлық мүмкіндіктерін толық пайдалана отырып, тақырып жайлы білім алушылармен өзара ой бөлісті. Яғни оқушылар отбасы — әр адам үшін ең жақын әлеуметтік ортасы, қоғамның маңызды бір бөлшегі.Отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды, оларға қарап бой түзейді, үлгі алады. Балалық шағында отбасында алған, меңгерілген қасиеттер бала бойында өмір бойы сақталатындығын ұғынды. Сондай- ақ білім алушылардан сұрақ-жауап арқылы тест алынды. Тест 15 сұрақтан құралып, оқушылардың білім деңгейі анықталды.
Осы Quizizz платформасында жүргізілген КВЕСТ сабақ білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасының деңгейін арттыруына және құқықтық құзыреттілігін қалыптастыруда қосатын үлесі зор екендігіне сабақ барысында көз жеткізді.
Өткізген: құқық негіздері пәнінің мұғалімі И.И. Малдыбаева




