«Ғаламтордың пайдасы мен зияны» » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ғаламтордың пайдасы мен зияны»
15
қараша
2024

«Ғаламтордың пайдасы мен зияны»

Мектебімізде «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» тақырыбында қызықты дебат өткізілді. Оқушылар екі топқа бөлініп, ғаламтордың күнделікті өмірдегі рөліне әртүрлі қырынан қарады. Дебат барысында ғаламтордың ақпарат алу мен білім көкжиегін кеңейту, қарым-қатынасты жеңілдету және жаңа мүмкіндіктерге жол ашу секілді пайдалы жақтары талқыланды. Сонымен қатар, киберқауіпсіздік, жалған ақпараттың таралуы, денсаулық пен психологиялық жағдайға зияны секілді мәселелер де қозғалды.

Дебаттың негізгі мақсаты – оқушыларды сыни ойлауға баулу, интернетті саналы түрде пайдаланудың маңызын түсіндіру болды. Қатысушылар өздерінің позицияларын нақты дәлелдермен қорғап, қарсы жақтың дәлелдерін талдады. Дебат нәтижесінде оқушылар ғаламтордың пайдасы мен зияны туралы жан-жақты түсінік алды және интернеттің саналы тұтынушысы болудың маңыздылығын ұғынды.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив