Дебат – интеллектуалдық пікір-сайысы » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Дебат – интеллектуалдық пікір-сайысы
11
сәуір
2022

Дебат – интеллектуалдық пікір-сайысы

        Дебат – интеллектуалдық пікір-сайыс, өз ойыңды анық, әсерлі, нақты түрде дәлелдеуге баулиды. Дебат барысында екі қарсы топ \жақтаушы, даттаушы\ берілген қарар бойынша төрешілерді өз бағыттарының дұрыс екеніне көндіруі тиіс. Бұл көп дайындықты талап етеді. Бірақ бұл ойынның оқушыларға берері көп. Оқушылар ел алдында еркін сөйлеп, сыни тұрғысынан ойлауға, сөз қорытындысын жасап, өз сөзін дәйектеп сөйлеуге үйренеді. Сондықтан оқушыларымыздың дебат ойындарына өз еріктерімен, әрі қызығушылықпен қатысқандары маңызды. 
10 сәуір 2022ж. күні Кенесары ханның 220 жыл толуына орай қалалық білім бөлімі дебат өткізген болатын.  Дебатқа Т. Рысқұлов атындағы №48 мектептен екі фракция қатысты. Олар  8 және 10 сынып оқушыларынан құралған «Рысқұлов ұландары»  және «Өнер білім бар жұрттар» фракциялары. Оқушыларымыз жақсы дайындықпен қатысып, жартылай финалға дейін ойын көрсетті. Екі фракция бойынша ойнаған 4 оқушының үшеуінің спикерлік ұпайлары жоғары болғандықтан, «Линкольн-Дуглас» форматы  бойынша пікірсайысқа қатысып, атап айтсақ,  10 «Б» сынып оқушысы Сүйеубай Баян және 8 Д сынып оқушысы Сұлтанқұлова Акнұр «Үздік аналитик» номинацияларын иеленді, ал 8 «Г» сынып оқушысы Мұхтар Амина турнир бойынша «Ең үздік спикер» атағын жеңіп алды. Сонымен қатар, қалалық турнирге алғаш рет қатысып, жақсы өнер көрсеткен 10 «А» сынып оқушысы Есентаев Мейіржанға алғыс айтамыз. Командаларды алдағы уақытта үлкен жеңіс тұғырынан көреміз деп үміттенеміз.